Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Астана қаласында тұрғын үй құрылыс нысаны бойынша пулды тарату туралы

Астана қаласында тұрғын үй құрылыс нысаны бойынша пулды тарату туралы

20 июля 2017
Құрметті салымшылар!

2017жылғы 6 маусымнан бастап 6 шілдеге дейінгі кезеңде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) Астана қаласындағы «Комсомольский» тұрғын үй алқабы ауданындағы жапсарлас үй-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені, нысан коды – 326 (бұдан әрі – Нысан) бойынша дауыс берген салымшыларға осы нысандағы тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құнының 240 000 теңгеден 258 000 теңгеге өзгеруіне сәйкес, сондай-ақ ішкі әрлеу дайындығы дәрежесінің «дөрекі жақсартылғаннан» «таза әрлеуге» жақсартылуына және ҚР заңнамасына сай «дөрекі жақсартылған» әрлеуде Нысанды пайдалануға берудің мүмкін еместігіне байланысты, Нысан бойынша «Өз үйім» бағдарламасына одан әрі қатысу немесе бас тарту туралы шешім қабылдау құқығы берілген.
Көрсетілген кезең аяқталғаннан кейін Бағдарламаға қатысуға тілек білдірген салымшылардың саны Нысанды келісуге жеткіліксіз болды, осыған орай Нысан келісілмеді деп танылды.

Салымшыларға «Нұрлы жер» бағдарламасы мен «Өз үйім» бағдарламасының басқа жобаларына қатысуға мүмкіндік беру мақсатында, Банк пулдарды тарату және Нысанға дауыс берген салымшылардың өтініштерінің күшін жою туралы шешім қабылдады.

Басқа да тұрғын үй құрылыс нысандарын іске асыруға дауыс беру туралы Банктің www.hcsbk.kz ішкі сайтынан білуіңізге болады.

Сұрақтарыңыз болса, 300 нөмірі бойынша (ұялы байланыстан тегін) Банктің Байланыс-орталығына хабарласуларыңызға болады.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру