Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

Астана қ. көппәтерлі тұрғын үй құрылысына қатысты ЖАО-мен Ынтымақтастық жөніндегі келісімшартқа қол қойылғандығы туралы

Астана қ. көппәтерлі тұрғын үй құрылысына қатысты ЖАО-мен Ынтымақтастық жөніндегі келісімшартқа қол қойылғандығы туралы

27 Мая 2015

Құрметті салымшылар!

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде Астана қаласы, Есіл өзенінің оң жақ жағалауы, Иманов көшесі, Е. Брусиловский мен Жұбанов көшелерінің арасында орналасқан «Е. Брусиловский мен Жұбанов көшелерінің қиылысындағы ескі және апаттық тұрғын үйлерді бұзудан кейінгі салынған қосалқы ғимарат пен автотұрағы бар Астана қаласында орналасқан көппәтерлі тұрғын үй кешенінің» құрылысы бойынша Астана қаласы Әкімдігімен келісімшартқа қол қойылғандығын хабарлаймыз.

Барлығы 272 пәтер, оның ішінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ желісі бойынша 136 пәтер, ыңғайлылығы  IV санатты пәтер бағасының 1 шаршы метрі 120 000,00 теңге, ыңғайлылығы III санатты пәтер бағасының 1 шаршы метрі 142 500,00 теңге.  

Құрылыстың аяқталу мерзімі: 2015 жылдың қазан айы.

Тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға өтініш қабылдау мерзімі шамамен 2015 жылдың 1шілдесінен бастап 1 қыркүйегіне дейін.    

Банктің:
Астана қ., Сығанақ к-сі, 29 ВП -3 Орталық филиалында, немесе:
Астана қ., Московская к-сі 29 (34 пәтер), №1 ҚО
Астана қ., Кенесары к-сі 4, №2 ҚО
Астана қ., Қажымұқан к-сі, 12а, №3 ҚО мекен-жайларында және де Банктің www.hcsbk.kz Интернет-ресурсында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулын құру тәртібімен және құрылыс нысанының суреттемесімен (соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын көру де бар) егжей-тегжейлі танысуға болады.

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!