Астана қаласында «Өз үйім» бағдарламасы бойынша іріктеудің басталғаны туралы | Нысан: Астана қаласы, Есіл ауданы, Е49 көшесі, №4 жер учаскесінде орналасқан «Алтын шар» тұрғын үй кешені.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Астана қаласында «Өз үйім» бағдарламасы бойынша іріктеудің басталғаны туралы

Астана қаласында «Өз үйім» бағдарламасы бойынша іріктеудің басталғаны туралы

29 қыркүйек 2017
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Іріктеуден (төлем қабілеттілігін бағалаудан) өту қажеттілігі туралы хабарлайды.
Нысан: Астана қаласы, Есіл ауданы, Е49 көшесі, №4 жер учаскесінде жапсарлас салынған орынжайлары, паркингі және кеңсе ғимараттары бар «Алтын шар» көппәтерлі тұрғын үй кешені, 2 кезек, №1 белгі (Туран және Керей, Жәнібек хандар көшелерінің қиылысында орналасқан).


Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 260 000 ,00 теңге.
Пәтер саны: 120, соның ішінде:
Пәтер түрі 1-бөлмелі пәтер: 92 пәтер, ең жоғарғы аумағы –46,59 ш.м.
Пәтер түрі 2-бөлмелі пәтер: 21 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 68,38 ш.м.
Пәтер түрі 4-бөлмелі пәтер: 7пәтер, ең жоғарғы аумағы – 117,45 ш.м.

Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) мерзімі: 05.10.2017 ж. бастап 03.11.2017 ж. дейін.
Тұрғын үйді таңдау кезеңі: 05.10.2017 ж. бастап 13.11.2017 ж. дейін.
Тұрғын үйді бөлу күні: 14.11.2017 ж.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында ғимарат қасбетінің фото-суреттерін және пәтер жоспарын көре аласыздар.
Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) үшін құжаттардың тізімі Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында көрсетілген.
Іріктеуден өту үшін өтініш берушілердің тізімі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу мерзімі аяқталған соң Іріктеуге арналған құжаттарды Банк қабылдамайды.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру