Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Астана қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау мерзімінің ұзартылғандығы туралы

Астана қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау мерзімінің ұзартылғандығы туралы

9 қараша 2018
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылыс бағдарламасына қатысуға өтініштер 2018 жылдың 12 қарашасын қоса алғандағы мерзімге дейін қабылданатындығы туралы хабарлайды.

Нысан: «Астана қаласындағы Орынбор және № 227 (жобалық атауы) көшелерінің қиылысында жапсарлас салынған орынжайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешендері құрылысы».

Нысанның орналасқан жері:
Тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңы Есіл өзенінің сол жақ жағалауында, Мәңгілік ел мен 227 көшесінің қиылысында. Жақын маңайда
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Медициналық орталық ауруханасы орналасқан.

Нысан келісілген жағдайда балл есептелінетін күн (Үміткерлерді іріктеу): 13.11.2018 ж.
Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: 30 қыркүйек 2018ж.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде: 180 000 (жүз сексен мың ) теңге.
Жайлылық сыныбы: ІV
Пәтер саны: 364
Пәтер түрі 1-бөлмелі пәтер: 75 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 40.75 ш.м.
Пәтер түрі 2-бөлмелі пәтер: 168 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 58.87 ш.м.
Пәтер түрі 3-бөлмелі пәтер: 121 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 78.59 ш.м.
Банктің www.baspana.kz интернет-ресурсындағы өтініш беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.
Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
Нысандағы тұрғын үйдің кемінде 50%-ы ЖАО кезегіндегілер арасында бөлінеді.
Қатысуға өтініш берген немесе іріктеуден өткен ЖАО кезегіндегілердің саны жеткіліксіз болған жағдайда, тұрғын үй Банк салымшылары арасында басқа өтініш берушілерге бөлінеді.
«Нұрлы жол» Бағдарламасына қатысуға өтініш бере отырып, Банк салымшылары Нысанға, оны әрі қарай іске асыруға дауыс береді. Өтініш қабылдау аяқталған күні Банкте:
- Нысанды келісу үшін салымшылардың өтініштерінің саны (Банктің ішкі құжаттарына сәйкес анықталады) жеткілікті болса, берілген өтініштер бойынша балл есептелінетін болады;
- салымшылардың өтініштерінің саны (Банктің ішкі құжаттарына сәйкес анықталады) жеткіліксіз болса, берілген өтініштер автоматты түрде жойылады.

Банктің www.baspana.kz немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға болады. Соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін көре аласыздар.
Қосымша сұрақтар туған жағдайда, 300 нөмірі арқылы (ұялы телефоннан қоңырау соғу тегін) Банктің Байланыс орталығына хабарласуыңызды өтінеміз.
Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру