Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Астана қ. 5 қабатты тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысу үшін өтініштер қабылдау туралы

Астана қ. 5 қабатты тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысу үшін өтініштер қабылдау туралы

17 тамыз 2015

Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2015 жылдың 30 қыркүйегінен бастап 2015 жылдың 30 қарашасын қоса алған күнге дейін тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға өтініш қабылдайтындығын хабарлайды. Пул «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша ІІ топтың талаптарына сәйкес келетін тұлғалардың ішінен құрылады. Нысан – «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде құрылысы жоспарланып жатқан Астана қаласы, Есіл өзенінің оң жақ жағалауы, № 23-31, 23-16, 23-17, 23-30, А98 жобалық атаулары көшелерінің қиылысы ауданында орналасқан 5 қабатты тұрғын үй, Астана қаласының жобалық атаулары № 23-31, 23-16, 23-17, 23-30, А98,  № 13 Лот (лот №2) (барлығы 99 пәтер). Бағасы «таза» әрлеумен 1 шаршы метрге 120 000 теңгені құрайды. 

Құрылыстың аяқталу мерзімі: 2015 жылдың желтоқсан айы.

Қатысушыларға қойылатын талаптармен Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бөлімінде танысуға болады.

Өтінішті Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте» беруге болады.

Өтініш тек Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

Банктің Астана қ. Сығанақ к-сі, 29 ВП -3 мекен-жайында орналасқан филиалында,  немесе Астана №1 ҚО , Московская к-сі 29 (34 пәтер) мекен-жайында орналасқан, Астана №2 ҚО, Кенесары к-сі 4 мекен-жайында орналасқан, Астана №3 ҚО, Қажымұқан к-сі, 12а мекен-жайында орналасқан және де Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулын құру тәртібімен және құрылыс нысанының суреттемесімен (соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын көру де бар) егжей-тегжейлі танысуға болады.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру