Құрметті салымшылар! | Өскемен қаласындағы объект бойынша тұрғын үйді сатып алушылар пулына қатысу үшін қосымша өтініштер қабылданатындығы туралы хабарлаймыз.<br>
Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Құрметті салымшылар!

25 қазан 2016
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2016 жылдың «01» қарашасынан бастап 2016 жылдың «14» қарашасына дейін тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға қосымша өтініш қабылдайтындығын хабарлайды.

Тұрғын үй бөлу нәтижесі бойынша бөлінбей қалған пәтерлерді жүзеге асыру үшін пул «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша ІІ топтың талаптарына сәйкес келетін тұлғалардың ішінен құрылады.

Нысан – «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде «ШҚО, Өскемен қаласы, 19 тұрғын аудан» мекен-жайында салынып жатқан «Төрт қабатты тұрғын үй, 56 айқындама.

№2 пул бойынша жалпы алаңы 54,86 ш.м. болатын 2-бөлмелі пәтер (барлығы 3 пәтер), №5 пул бойынша жалпы алаңы 75,86 ш.м. болатын 3-бөлмелі пәтер (барлығы 1 пәтер). Бағасы «таза» әрлеумен 1 шаршы метрге 112 500 теңге. Құрылыстың аяқталу мерзімі: желтоқсан 2015 жыл.

Қатысушыларға қойылатын талаптармен Банктің www.hcsbk.kz Интернет-ресурсындағы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бөлімінде танысуға болады.

Банктің www.hcsbk.kz Интернет-ресурсындағы «Интернет-банк» бөлімінде өтініш беруге болады.

Өтініш тек Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

Банктің «Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Головков көшесі, 25/1» мекен-жайында орналасқан филиалында немесе Банктің www.hcsbk.kz Интернет-ресурсында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулын құру тәртібімен және құрылыс нысанының сипаттамасымен (соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын көру де бар) егжей-тегжейлі танысуға болады.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру