Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

Регион

Шымкент қаласында «Нұрлы жол» Бағдарламасына қосымша байқау туралы хабарлама

Шымкент қаласында «Нұрлы жол» Бағдарламасына қосымша байқау туралы хабарлама

11 Апреля 2019
Құрметті салымшылар!

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай – Банк) «Бәйтерек Девелопмент» АҚ арқылы іске асырылатын кредиттік тұрғын үй бағыты бойынша «Нұрлы жол» Бағдарламасы (әрі қарай -Бағдарлама,) бойынша қосымша байқау туралы хабарлайды.

Нысан: «Шымкент қаласы, Қаратау ауданы 192-ші орам, 359 жер теліміндегі (2-ші кезек, 9 қабатты №359/27, №359/29, №359/34, №359/45,тұрғын үйлер ) тұрғын үйлердің құрылысы», Шымкент қ. Қаратау ауданы «Тұран» мөлтек ауданы мекенжайы бойынша орналасқан.

Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: аяқталған.

Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрленгенде 183 487 теңге.
Жайлылық класы: 3
Пәтер саны: 75
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 75 пәтер, ең жоғарғы аудан 60,90
Бағдарламаға қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 2019 жылғы 11.04 бастап 28.04.2019ж. дейін
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 29.04.2019ж.
Іріктеу мерзімі (төлем қабілеттілігі): 02.05.2019 ж. бастап 23.05.2019 ж. дейін
Тұрғын үйді таңдау кезеңі: 02.05.2019 ж. бастап 23.05.2019 ж. дейін
Тұрғын үйді бөлу күні: 24.05.2019ж.
Өтінішті Банк филиалына немесе Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте» беруге болады.Өтінішті берген күн мен уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.

Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.

Іріктеу үшін құжаттар тізімі (төлемқабілеттілігін бағалау) Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.

Ваш город Алматы?
Да
Нет

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!