Шымкент қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс туралы | Нысан: «Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, 192-ші орам, 359 жер теліміндегі (2-ші кезек) 9 қабатты №359/27, №359/29, №359/34, №359/45 тұрғын үйлер.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Шымкент қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс туралы

Шымкент қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс туралы

5 қараша 2018
Құрметті салымшылар!

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Нұрлы жол» бағдарламасының «Бәйтерек Девелопмент» АҚ арқылы жүзеге асырылатын кредиттік тұрғын үй бағыты бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

Нысан: «Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, 192-ші орам, 359 жер теліміндегі (2-ші кезек) 9 қабатты №359/27, №359/29, №359/34, №359/45 тұрғын үйлер.

Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: сәуір 2018 жыл.

Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрлеуде 183 487 теңге.
Жайлылық класы: 3
Пәтер саны: 59
Пәтер түрі 3-бөлмелі: 59 пәтер, ең жоғарғы аудан 76,6
Бағдарламаға қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 2018 жылғы 08.11 бастап 04.12.2018ж. дейін
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 05.12.2018ж.
Іріктеу мерзімі (төлем қабілеттілігі): 10.12.2018 ж. бастап 24.12.2018 ж. дейін
Тұрғын үйді таңдау кезеңі: 10.12.2018 ж. бастап 30.12.2018 ж. дейін
Тұрғын үйді бөлу күні: 31.12.2018ж.
Өтінішті Банк филиалына немесе Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте» беруге болады. Өтінішті берген күн мен уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.

Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.

Іріктеу үшін құжаттар тізімі (төлемқабілеттілігін бағалау) Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.

Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда 300 нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз (ұялы телефоннан байланыс тегін).

Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру