Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Шымкент қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша дауыс беру басталғандығы туралы

Шымкент қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша дауыс беру басталғандығы туралы

16 июля 2018
Құрметті салымшылар !

Нысан: «Шымкент қаласы, К. Төлеметов көшесі 69» мекенжайында орналасқан жапсарлас қоғамдық бөлмелері бар көппәтерлі тұрғын үй (сыртқы инженерлік желілерсіз және абаттандырусыз).

Құрылыс аяқталуының болжамды мерзімі: 31.08.2018 ж.
«Таза» әрленген тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 178 500 теңге
Жайлылық класы: 3 класс
Пәтер саны: 96
Пәтер типтері: 1-бөлмелі: 24 пәтер, максималды ауданы – 37,025 ш.м
Пәтер типтері: 2-бөлмелі: 48 пәтер, максималды ауданы – 61,195 ш.м
Пәтер типтері: 3-бөлмелі: 24 пәтер, максималды ауданы – 81,195 ш.м
Қатысуға өтініш беру мерзімі: 16.07.2018ж. бастап 29.07.2018ж. дейін (қоса алғанда).
Нысан келісілген болып анықталған жағдайда, баллдарды есептеу күні (үміткерлерді іріктеу): 30.07.2018 жыл.
Іріктеу мерзімі (төлем қабілеттілігі): 01.08.2018 ж. бастап 17.08.2018 ж. дейін
Тұрғын үйді таңдау кезеңі: 01.08.2018 ж. бастап 23.08.2018 ж. дейін
Тұрғын үйді бөлу күні: 24.08.2018ж.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

Алдын ала тұрғын үй займын алуға өтінішті тапсыру, өтініш тапсырушының тұрғын үй құрылыс жинақ шотында таңдап алынған пәтер бағасынан кемінде 30% болған жағдайда ғана мүмкін. Бағдарламаға қатысуға өтініш бере отырып, Банк Салымшылары Нысандағы пәтерлерді Банк салымшыларына өткізуге дауыс береді.

Өтініш қабылдау аяқталған күні Банктің ішкі құжаттарына сәйкес Үміткерлердің/Резервистердің қажетті саны жеткіліксіз болған жағдайда, онда Нысанға қажетті дауыс беру саны жиналмаған деп есептелініп, Бағдарламаға қатысуға берілген өтініштер автоматты түрде жойылады.

Банктің интернетресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет банкте» өтініш беруге болады: www.hcsbk.kz. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.

Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
Құрылыс нысанының сипаттамасымен, ғимарат қасбетінің фотосуреттерімен және пәтерлердің жоспарлануымен Банктің www.hcsbk.kz интернетресурсында танысуға болады. Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернетресурсында
көрсетілген.

Саралауға (төлем қабілеттілігін бағалауға) арналған құжаттар тізімі Банктің интернетресурсында көрсетілген www.hcsbk.kz.
Қосымша сұрақтар туған жағдайда, 300 нөмірі арқылы (ұялы телефоннан қоңырау соғу тегін) Банктің Байланыс орталығына хабарласуыңызды
өтінеміз.
Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру