Шымкент қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша дауыс беру басталғандығы туралы | Нысан: «ОҚО, Шымкент қаласы, К. Төлеметов көшесі, 69/38» мекенжайы бойынша орналасқан көппәтерлі №8 тұрғын үй (сыртқы инженерлік желілерсіз және абаттандырусыз).
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Шымкент қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша дауыс беру басталғандығы туралы

Шымкент қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша дауыс беру басталғандығы туралы

19 қараша 2018
Құрметті салымшылар !

Нысан: «ОҚО, Шымкент қаласы, К. Төлеметов көшесі, 69/38» мекенжайы бойынша орналасқан көппәтерлі №8 тұрғын үй (сыртқы инженерлік желілерсіз және абаттандырусыз).

Құрылыстың аяқталуының болжамды мерзімі: 15.12.2018 ж.

«Таза» әрленген тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 190 000 теңге.

Жайлылық класы: 3 класс

Пәтер саны: 56

1-бөлмелі: 14 пәтер, максималды ауданы – 37,76 ш.м
2-бөлмелі: 28 пәтер, максималды ауданы – 61,81 ш.м
3-бөлмелі: 14 пәтер, максималды ауданы – 81,56 ш.м

Қатысуға өтініш беру мерзімі: 12.11.2018ж. бастап 26.11.2018ж. дейін (қоса алғанда).

Баллдарды есептеу күні (үміткерлерді іріктеу): 27.11.2018 жыл.

Өтініштерді Банктің baspana.kz интернет-ресурсында беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.

Өтініш тек Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

Бағдарламаға қатысуға өтініш бере отырып, Банк Салымшылары Нысанға және пәтерлерді Банк салымшыларына өткізуге дауыс береді..

Алдын ала тұрғын үй займын алуға өтінішті тапсыру, өтініш тапсырушының тұрғын үй құрылыс жинақ шотында таңдап алынған пәтер бағасынан кемінде 20% болған жағдайда ғана мүмкін.

Банктің baspana.kz және www.hcsbk.kz интернет-ресурсында қатысушыларға қойылатын талаптар мен құрылыс нысанының сипаттамасымен толығырақ танысуға, әсіресе, ғимараттың қасбетін және пәтерлердің жобалануын көруге болады.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Колл-Центр 300 қызметіне хабарласуға болады.



Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру