Шымкент қаласында «Нұрлы жол» Бағдарламасы бойынша қосымша дауыс беру басталғандығы туралы | Нысан: Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, 192-ші орам, 359 жер теліміндегі №359/27, №359/29, №359/34, №359/45 тұрғын үйлер, 2-ші кезек.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Шымкент қаласында «Нұрлы жол» Бағдарламасы бойынша қосымша дауыс беру басталғандығы туралы

Шымкент қаласында «Нұрлы жол» Бағдарламасы бойынша қосымша дауыс беру басталғандығы туралы

7 желтоқсан 2018
Құрметті салымшылар !

Нысан: Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, 192-ші орам, 359 жер теліміндегі №359/27, №359/29, №359/34, №359/45 тұрғын үйлер, 2-ші кезек.

Құрылыстың аяқталуының болжамды мерзімі: сәуір 2018 ж.

«Таза» әрленген тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 183 487 теңге.

Жайлылық класы: 3 класс

Пәтер саны: 129

Пәтер типтері: 1-бөлмелі: максималды ауданы – 42 ш.м(41 пәтер)
Пәтер типтері: 2-бөлмелі: максималды ауданы – 60,6 ш.м(88 пәтер)

Қатысуға өтініш беру мерзімі: 10.12.2018ж. бастап 08.01.2019ж. дейін (қоса алғанда).

Нысан келісілген болып анықталған жағдайда, баллдарды есептеу күні (үміткерлерді іріктеу): 09.01.2019 жыл.

Өтініштерді Банктің baspana.kz интернет-ресурсындағы беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты, берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.

Өтініш тек Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

Бағдарламаға қатысуға өтініш беру жолымен, Банк салымшылары нысанның өткізілуін ұйғару үшін дауыс береді.

Алдын ала тұрғын үй займын алуға өтінішті тапсыру, өтініш тапсырушының тұрғын үй құрылыс жинақ шотында таңдап алынған пәтер бағасынан кемінде 20% болған жағдайда ғана мүмкін. Бағдарламаға қатысуға өтініш бере отырып, Банк Салымшылары Нысандағы пәтерлерді Банк салымшыларына өткізуге дауыс береді.

Банктің baspana.kz және www.hcsbk.kz интернет-ресурсында қатысушыларға қойылатын талаптар мен құрылыс нысанының сипаттамасымен толығырақ танысуға, әсіресе, ғимараттың қасбетін және пәтерлердің жобалануын көруге болады.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Колл-Центр 300 қызметіне хабарласуға болады.



Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру