Шымкент қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша дауыс берудің басталғаны туралы | Нысан: «Шымкент қаласы, Күншығыс ш.а., Пазиков көшесі, 21» мекенжайында орналасқан көпқабатты тұрғын үй құрылысы, нысан коды – 1057.<br>
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Шымкент қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша дауыс берудің басталғаны туралы

Шымкент қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша дауыс берудің басталғаны туралы

9 ақпан 2018
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай - Банк) «Нұрлы жер» бағдарламасының «Жеке құрылыс компаниялары арқылы тұрғын үй құрылысын ынталандыру» бағыты бойынша дауыс берудің басталғандығы туралы хабарлайды.

Нысан: «Шымкент қаласы, Күншығыс ш.а., Пазиков көшесі, 21» мекенжайында орналасқан көпқабатты тұрғын үй құрылысы, нысан коды – 1057.

Құрылыстың аяқталуының болжамды мерзімі: 12.03.2018 ж.
«Таза» әрленген тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 200 000 теңге
Жайлылық класы: 3 класс
Пәтер саны: 33
Пәтер типтері:
2-бөлмелі: 8 пәтер, максималды ауданы – 58,80 ш.м
2-бөлмелі: 13 пәтер, максималды ауданы – 66,00 ш.м
3-бөлмелі: 12 пәтер, максималды ауданы – 78,20 ш.м
Қатысуға өтініш беру мерзімі: 2018 жылғы 12 ақпаннан бастап 04 наурызға дейін (қоса алғанда).
Нысан келісілген болып анықталған жағдайда, баллдарды есептеу күні (үміткерлерді іріктеу): 05.03.2018 жыл.
Іріктеу мерзімі (төлем қабілеттілігі): 12.03.2018 ж. бастап 30.03.2018 ж. дейін
Тұрғын үйді таңдау кезеңі: 12.03.2018 ж. бастап 05.04.2018 ж. дейін
Тұрғын үйді бөлу күні: 06.04.2018ж.

«Жеке құрылыс салушылардың тұрғын үй құрылысын ынталандыру» бағыты бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысуға өтініш беру үшін Өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында 500 000 (бес жүз мың) теңгеден кем емес сомада жинағы болуы шарт.
Өтінішті Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
«Нұрлы жер» бағдарламасына қатыса отырып, Банк Салымшылары Нысанға және оның одан әрі өткізілуіне дауыс береді.

Аралық тұрғын үй заемын алуға өтініш беру Өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында таңдалған пәтер құнының кем дегенде 50% болған жағдайда мүмкін болады.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, 300 (ұялы телефоннан тегін) нөмірі бойынша Банктің Колл-орталығына хабарласуыңызға болады.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру