Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Қарағанды қ. тұрғын үй құрылысы бойынша ЖАО-мен ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылғандығы туралы

Қарағанды қ. тұрғын үй құрылысы бойынша ЖАО-мен ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылғандығы туралы

7 октября 2015

Құрметті салымшылар!

Қарағанды облысының әкімдігі мен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ  Ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойғандығын  хабарлаймыз. Нысан - «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберіндегі тұрғын үй құрылысы. Мекен-жайы: «Қарағанды қ., «Панель Центр» мөлтек ауданы, №1, №2, №3 үйлер,  барлығы 753 пәтер, оның ішінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ  бойынша 377 пәтер, бағасы 1 шаршы метр үшін 100 000 теңге. Құрылыстың аяқталу мерзімі 2017 жылдың  қараша айы.  

Тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың  пулына  қатысуға өтініш қабылдау жорамал бойынша 2017 жылдың 1 тамызынан басталады.

Банктің  Қарағанды қаласы, Ермеков к-сі №54 мекен-жайында орналасқан филиалында немесе Қарағанды қ. Шахтерлар даңғылы №82 үй (ЦО №1),  немесе Банктің www.hcsbk.kz Интернет-ресурсында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулын құру тәртібімен және құрылыс нысанасының суреттемесімен (соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын  көру де бар)  егжей-тегжейлі танысуға болады. 

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру