Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Қарағанды қ. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша дауыс берудің басталуы туралы

Қарағанды қ. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша дауыс берудің басталуы туралы

11 маусым 2019
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Нұрлы жер» бағдарламасының «Кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша дауыс берудің басталуы туралы хабарлайды.

Нысан: «Трилистник» көпқабатты тұрғын үйі. Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, «Панель центр» шағын ауданы, № 5 үй мекенжайында орналасқан.
Құрылыстың аяқталу мерзімі: 2019 жылдың маусым айы.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 140 000 теңге.
Жайлылық класы: 4
Пәтер саны: 96, оның ішінде:
Пәтер түрі 1-бөлмелі: 24 пәтер, ең үлкен ауданы- 35,02 ш.м.
Пәтер түрі 1-бөлмелі: 48 пәтер, ең үлкен ауданы- 40,94 ш.м.
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 24 пәтер, ең үлкен ауданы- 52,62 ш.м.
Қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімі: 17.06.2019 ж. бастап 07.07.2019 ж. дейін
Балл есептелінетін күн (Үміткерлерді іріктеу): 08.07.2019 ж.
Қатысу үшін өтініштерді Банктің baspana.kz интернет-ресурсында беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.
Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
«Нұрлы жер» Мемлекеттік тұрғын үй құрылыс бағдарламасына қатысуға өтініш бере отырып, Банк салымшылары Нысанға және оның одан әрі жүзеге асырылуына дауыс береді.
Нысанның кемінде 50%-ы жергілікті атқарушы органдарында кезекте тұрған азаматтар арасында бөлінеді.
Бағдарламаға қатысуға өтініш берген немесе төлем қабілеттілігін растаған ЖАО-да кезекте тұрған азаматтардың саны жеткіліксіз болған жағдайда, тұрғын үйді бөлу басқа да өтініш берген Банк салымшыларының арасында жүзеге асырылады.
Алдын ала заем алуға Өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған тұрғын үйдің құнының 20%-нан кем емес тұрғын үй құрылыс жинағының бар болған жағдайында өтініш беруге болады.
Банктің baspana.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбеті және пәтерлердің жоспарымен толық танысуға болады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Колл-орталығына хабарласуды сұраймыз: 300 (ұялы телефоннан тегін)
Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру