Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Қарағанды қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасына қатысу үшін дауыс берудің басталғандығы туралы

Қарағанды қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасына қатысу үшін дауыс берудің басталғандығы туралы

13 қыркүйек 2017
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ кредиттік тұрғын үй құрылысы бағыты бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасына қатысу үшін өтініштерді қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыруға дауыс берудің басталғандығы туралы хабарлайды.

Нысан: «Қарағанды қаласы, «Панель центр» шағын ауданы, №1 үй» мекенжайы бойынша орналасқан көппәтерлі тұрғын үй, нысан коды 419.
Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: Қараша 2017 жыл.
«Таза» әрленген тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 140 000 теңге.
Жайлылық класы: ІІІ
Пәтер саны: 123
Пәтер түрі 1А : 32 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 41,9 ш.м.
Пәтер түрі 1Б : 46 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 47,83 ш.м.
Пәтер түрі 1В : 12 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 60,77 ш.м.
Пәтер түрі 2А : 30 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 70,6 ш.м.
Пәтер түрі 2Б : 3 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 75,36 ш.м.

Жобаға қатысу үшін өтініш беру мерзімі: 2017 жылғы 9 қазаннан бастап 8 қарашаға дейін.
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау) (Нысанды келіскен жағдайда) : 09.11.2017 ж.
Өтінішті Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» беруге болады. Өтініш беру күні және уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
«Жергілікті атқарушы органдар арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша:
Жергілікті атқарушы орган кезегінде тұрғандар арасында тұрғын үйдің 50%-дан кем емес көлемі үлестіріледі.
Квалификация өтіп немесе өтініш жазған ЖАО кезегінде тұрғандардың саны жеткілікті болмаған жағдайда, тұрғын үй Банктің басқа өтініш берген салымшылары арасында үлестіріледі.

Банк салымшылары Бағдарламаға қатысу үшін өтініш беру арқылы Нысанды іске асыруға келісу үшін дауыс береді. Нысанды келісу кезінде, салымшылардың өтініштері әрі қарай Бағдарламаға қатысу үшін қабылданады. Банктің ішкі құжаттарына сәйкес салымшылар өтініштерінің саны Нысанды келісу үшін өтініштерді қабылдауды аяқтау күніне дейін Банкке жеткілікті түрде берілмесе, берілген өтініштердің автоматты түрде күші жойылады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.
Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда Банктің Байланыс-орталығына 300 нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз (ұялы телефоннан тегін).
Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру