Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Алматылықтар үшін «Өз үйім»

16 мамыр 2017

Алматыда жаңа сәулетті шағын аудан бой көтеріп келеді. |Бұл мегаполистің Наурызбай ауданында орналасқан. Болашақта бұл жерде 70 мың адам тұратын болады. Жайлы тұрғын үйден басқа, оларға арналып 8 балабақша және 1200 орынды 4 мектеп салынады. Жаңа білім ордасының бірінің құрылысы қазірдің өзінде аяқталып, 1 қыркүйекте балаларға есігін айқара ашуға әзір. Мұнымен қатар жергілікті әкімшіліктің және екі әкімшілік ғимараттың құрылысы да қарқынды салынуда. Бұған жергілік ХҚКО, прокуратура, сот, ІІАБ орналасады. Жақын маңда салынып жатқан емхана биылғы жылдың маусым айында пайдалануға берілмек. Болашақта сауда орталығы, спорт алаңдары, мешіт және агро-өнеркәсіп паркі пайда болады.

Осы жаңа ауданнан бірінші болып «Өз үйім» бағдарламасы аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары тұрғын үй ала алады. Қазір осы жерде салынып жатқан 7 үй бойынша өтініш қабылданып жатыр. Оның 1 шаршы м. құны – 220 000 теңге.

Дауыс беруге қатысу үшін салымшылардың шотында кемінде 500 000 мың теңгесі болуы керек. Ал кредит берілетін кезде тұрғын үй құнының кемінде 30%-ын жинақтауы тиіс.

«Қажетті соманы жинау оңай болуы үшін, қолжетімді бағамен жайлы тұрғын үй сатып алуы үшін салымшыларға барынша қолайлы жағдай жасадық.  Клиенттер банктің сайтына кіріп, «жеке кабинет» арқылы нысанға дауыс беруге қатыса алады», – деп түсіндіреді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Алматы қалалық филиалының директоры Рахиля Балтабаева.

Алдағы тамыз айында алғашқы жеті үйде қоныс тойы тойланбақ. Құрылыс салушылар: «Бұл үйлердің жайлылығы мен қауіпсіздігі элиталық кешендерден бір мысқал кем болмайды», – деп уәде беріп отыр. Көлік тұрағы әзірге аулаларда қарастырылған, бірақ көп деңгейлі смарт-паркингтер салу жоспарда бар.

- Бұл өте ірі жоба, құрылыстың жалпы ауданы – 170 гектар. Ауқымдылығын елестетіп көру үшін Монако деген мемлекетті мысал ретінде алып қарайық, оның ауданы – 200 гектар жер. Жобаны Алматы қаласының қала құрылысы кеңесі бекіткен және оның тікелей қатысуымен жүзеге асырылады, - дейді Құрылыс салушы-компанияның директоры Тимур Нұртаев.

Құрылыс салушылардың сөзіне қарағанда, Саин көшесінен жаңа үйлерге дейін тұрғындар 10 минуттың ішінде жетеді. Өйткені, Наурызбай ауданының аумағында ең замануи транспорттық инфрақұрылым орналаспақ. Мұнда айналма жолдары және веложолдары бар 4 қалалық транспорттық магистралі түйіседі. Бұл Абай даңғылы, Ұлықбек, Жұбанов және Төле би көшелері.

«Шұғыланы» толық жайлыландыруды 5-6 жылдың ішінде аяқтау жоспарланып отыр. «Өз үйім» бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысының екінші кезегі күзге қарай басталады.

Нысан жайлы толық ақпаратпен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар:

https://www.hcsbk.kz/the-program-of-development-of-regions/objects/g-almaty-1196/the-construction-of-two-residential-areas-high-rise-buildings-with-service-facilities/
Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру