Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Алматыда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жаңа бөлімшесі ашылды

Алматыда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жаңа бөлімшесі ашылды

15 желтоқсан 2017
«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) Алматы қалалық филиалының №3 Қызмет көрсету орталығы Медеу ауданында ашылды. Ол Мәметова көшесінің бойында, Назарбаев даңғылы мен Төлебаев көшесінің арасында орналасқан.
173 000-нан астам адам тұратын және әр он бесінші тұрғыны ТҮҚЖБ-да шот ашқан бұл ауданда осы уақытқа дейін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі бөлімшесі болмаған еді. Жаңа қызмет көрсету орталығының орналасқан жері Жетісу және Алмалы аудандарының тұрғындары үшін де қолайлы болмақ. Жалпы алғанда жаңа бөлімше қызметін мегаполистің үш ауданында тұратын 515 000-нан астам адам пайдалана алады.
- Қазақстандықтардың арасында үйге деп ақша жинауға келгенде дәл осы алматылықтар белсендірек. Банкте 150 000-дай қала тұрғыны депозит ашып, қаражат жинап жатыр, олардың шотындағы жалпы сомасы – 80 млрд теңге. Жаңа бөлімшенің көмегімен алматылықтар депозит ашудан бастап заем ресімдеуге дейінгі қызмет түрлерінің толық көлемін пайдалана алады. Сондай-ақ ғимаратта банк қызметкерлерінен бөлек нотариус пен сақтандыру агенті де отыратынын айта кету керек. Бұл клиенттердің уақытын үнемдеп, барлық қызметті бір жерден алуға мүмкіндік береді, - дейді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Басқарма төрайымының орынбасары Мирас Бейсембаев.
Ол Алматыда осы жылы әлеуметтік тұрғын үй бағдарламаларының белсенді түрде жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Бір күн бұрын Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мен Алматы әкімдігі «Алматы Жастары» жобасының қорытынды шарасын өткізген болатын. Аталған бағдарлама аясында қала әкімі 1 млрд теңге бөлген еді. Бұл 35 жасқа дейінгі 100 алматылықты несиелендіруге мүмкіндік берді. Олардың барлығы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен жылдық мөлшерлемесі 5% болатын жеңілдетілген заем алып, баспаналы болды.
Сондай-ақ «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру аясында жергілікті әкімдік желісі бойынша 650 пәтерден тұратын 17 тұрғын үй салынуда, құрылыс осы жылдың аяғына дейін бітеді деп жоспарланып отыр. Саялы ықшам ауданындағы 8 үйге қазірдің өзінде тұрғындар көшіп, орналасып жатыр.
Қазіргі уақытта банктің «Өз үйім» атты жеке бағдарламасының аясында пәтер сатып алушылар пулына қосымша адам жинау жарияланды. Тұрғын үй Наурызбай ауданы «Шұғыла» ықшам ауданында сатылады. Барлығы 134 пәтер ұсынылып отыр. 1 шаршы метрдің бағасы 220 000 теңге тұрады. Өтінімді 20 желтоқсанға дейін банктің www.hcsbk.kz сайтында «Жеке кабинет» арқылы беруге болады.
Жалпы алғанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі осы жылдың 11 айында елдегі ипотека нарығының жалпы көлемінің 75%-на ие болды. Осыған қарамастан басқа екінші деңгейлі банктермен салыстырғанда ең сапалы несие қоржыны ТҮҚЖБ-ға тиесілі. NPL (уақтылы төленбеген, төлеу мерзімі 90 күннен асып кеткен несиелер) деңгейі бар болғаны 0,33%-ға тең.
Қазір Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде 1 022 521 депозит бар, ал жыл басынан бері 309 629 жаңа шот ашылған. Сонымен қатар 37 363 қазақстандық қолжетімді заем алып, тұрғын үй жағдайын жақсарта алған.
Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру