Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Алматыдағы «Нұрлы жер» бағдарламасының қатысушылары үшін пәтерлерді сатып алу-сату туралы шарттарын бастау және қоныстандру мерзімі туралы хабарландыру. (Алғабас-6 ы.а. құрылыс нысандары бойынша)

Алматыдағы «Нұрлы жер» бағдарламасының қатысушылары үшін пәтерлерді сатып алу-сату туралы шарттарын бастау және қоныстандру мерзімі туралы хабарландыру. (Алғабас-6 ы.а. құрылыс нысандары бойынша)

25 мамыр 2020
Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының «Несиелік тұрғын үй құрылысы» бағдарламасы бойынша салынып жатқан нысандарды іске асыру жөнінде келесіні хабарлайды:
15.05.2020 ж. Алғабас-6 (объектінің коды 1459) тұрғын үйді бөлу аяқталғаны туралы хабарлаймыз. Бөлу қорытындыларымен клиенттер baspana.kz порталында жеке кабинетте таныса алады.
Алғабас-6 ы.а. тұрғын үйді салу және сату кезеңдері:
1) Құрылысқа тапсырыс беруші - Алматы қаласы Әкімдігі конкурс жариялайды және мердігерлермен (құрылыс компанияларымен) шарттар жасасады.
2) Құрылысқа тапсырыс беруші – Алматы қаласы Әкімдігі "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-мен салынып жатқан объектідегі пәтерлерді сату жөнінде келісім жасасады. Банк сатып алушыларды іріктейді және тізімдерді Алматы қаласының Тұрғын үй басқармасына жібереді. Сатып алушылар тізімі 20.05.2020 ж. жіберілді.
3) Құрылыс аяқталғаннан кейін - Алматы қаласы Әкімдігі іске қосу актілерін, үйге техникалық паспорттарды дайындайды және уәкілетті органдарда тіркейді.
4) Құжаттарды дайындағаннан кейін Алматы қаласы Әкімдігі үйлерді Тұрғын үй басқармасының балансына береді.
5) Құжаттарды алғаннан кейін Тұрғын үй басқармасы сатып алу-сату шартын дайындайды және пәтерлерге сатып алу-сату шарттарын жасасу үшін сатып алушыларды шақырады.
6) Құқық белгілейтін құжаттарды ресімдегеннен кейін сатып алушы банктік қарыз шартын, кепіл шартын жасау және кредит беру үшін Банкке жүгінеді.

Әкімдік өкілдерінен алынған соңғы ақпаратқа сәйкес Алматы қ., Алатау ауд., Алғабас-6 ы.а. мекен-жайы бойынша орналасқан объект бойынша (объектінің коды №1459):
- 1, 2, 3, 4, 5, 6, 10, 12, 16, 18, 19, 20, 21, 22, 23 үйлерде пәтер сатып алу-сату шартын жасау 2020 жылдың маусымынан кезең-кезеңімен басталады деп жоспарлануда.
- Қоныстандыру барлық қажетті құжаттарды ресімдегеннен кейін (қарыз шартын, кепіл шарты және т.б. ресімделгеннен кейін) және пәтер үшін төлем аударылғаннан кейін.
- 7, 8, 9 үйлер бойынша құрылысты аяқтау кешіктіріледі, пәтер сатып алу-сату келісім шарты, несиені рәсімдеу және есеп айырысу шарттары кейінге қалдырылады. Алматы қаласы Әкімдігінің ақпараты бойынша, құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтап, үйді 2020 жылдың қыркүйегінің аяғына дейін пайдалануға беру жоспарланған.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру