Алматы қ., «Жас-Қанат» көппәтерлі тұрғын үй кешені құрылысы бойынша ЖАО-мен ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылғандығы туралы | «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде Алматы қаласының Әкімдігімен Алматы қаласы Түрксіб ауданы «Жас-Қанат» ықшам ауданы мекенжайында орналасқан, 5-18 айқындама, барлығы 938 пәтер, оның ішінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ желісі бойынша 469 пәтер, бағасы 1 шаршы метрге 120 000 теңге болатын көпсалалы тұрғын үйлер кешені құрылысы бойынша Ынтымақтастық келісіміне қол қойылғандығын хабарлаймыз. 
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Алматы қ., «Жас-Қанат» көппәтерлі тұрғын үй кешені құрылысы бойынша ЖАО-мен ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылғандығы туралы

Алматы қ., «Жас-Қанат» көппәтерлі тұрғын үй кешені құрылысы бойынша ЖАО-мен ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылғандығы туралы

20 тамыз 2015

Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде Алматы қаласының Әкімдігімен Алматы қаласы Түрксіб ауданы «Жас-Қанат» ықшам ауданы мекенжайында орналасқан, 5-18 айқындама, барлығы 938 пәтер, оның ішінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ желісі бойынша 469 пәтер, бағасы 1 шаршы метрге 120 000 теңге болатын көпсалалы тұрғын үйлер кешені құрылысы бойынша Ынтымақтастық келісіміне қол қойылғандығын хабарлайды. Құрылыстың аяқталу мерзімі: 2016 жылдың мамыр айы.   

Тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 2016 жылдың ақпан айының бірінен басталады.    

Банктің келесі мекен-жайында орналасқан филиалдарында немесе Банктің www.hcsbk.kz Интернет-ресурсында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулын құру тәртібімен және құрылыс нысанының суреттемесімен (соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын көру де бар) егжей-тегжейлі танысуға болады:
1.    Алматы қ., Сейфуллин даңғ., 498, тел: 330-76-96, 330-76-10.
2.    Алматы қ., Жетысу-2 ы/а, 70 «Б» үй (Абай көшесі, Сайын даңғылы мен Момышұлы к-нің аралығында).
3.    Алматы қ., Спартак к-сі, 30 үй (Сейфуллин/Шолохов к-нің қиылысы). тел. 247-22-20.
4.    Алматы қ., Абылай хан даңғ. (Қазыбек би к-нің қиылысы), 91 үй. тел. 2 793 511 ( ішкі нөмір 400).

Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру