Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Алматы қ. «Өз үйім» Банк бағдарламасы бойынша өтініштерді қабылдау басталғаны туралы

Алматы қ. «Өз үйім» Банк бағдарламасы бойынша өтініштерді қабылдау басталғаны туралы

26 наурыз 2018
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) «Өз үйім» бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) қатысуға өтініш қабылдау арқылы тұрғын үй құрылыс нысандарына дауыс беру жайында хабарлайды.
Нысан: «Алматы қ. Наурызбай ауданы, Шұғыла ы/а, Сәкен Жүнісов көшесі, 2/37 учаскесінде орналасқан "Alma city" тұрғын үй кешені».
Тапсырыс берушінің атауы: «Елимай-Invest» ЖШС.
Құрылыстың аяқталу мерзімі: 2018 жылдың желтоқсан айы.
Тұрғын үй толық дайын күйінде және бекітілген жобаға сәйкес өткізілетін болады.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «әрленбеген» күйінде 185 000 теңге (қажет болған жағдайда, құрылыс салушы «таза» әрлеу жұмыстарын 1 ш. м. 15.000 тг есебінен қосымша ақыға жүргізуге дайын).
Жайлылық сыныбы: IV
Пәтер саны: 300, соның ішінде:
Пәтер түрі 1-бөлм.: 100 пәтер, ең үлк. ауданы 34,75 шаршы м
Пәтер түрі 2-бөлм.: 100 пәтер, ең үлк. ауданы 56,01 шаршы м
Пәтер түрі 3-бөлм.: 100 пәтер, ең үлк. ауданы 76,49 шаршы м
«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 20.04.2018 жылдан бастап 19.05.2018 жылға дейін.
Балл есептелетін күн (Үміткерлерді іріктеу): 21.05.2018 жыл.
Біліктілік кезеңі (төлем қабілеттілігін бағалау): 03.09.2018 жылдан бастап 02.10.2018 жылға дейін
«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш беру үшін өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында кемінде 500 000 (бес жүз мың) теңге жинағы болуы тиіс.
Алдын ала тұрғын үй займын алуға өтінішті тапсыру, өтініш тапсырушының тұрғын үй құрылыс жинақ шотында таңдап алынған пәтер бағасынан кемінде 30% болған жағдайда ғана мүмкін.
Бағдарламаға қатысуға өтініш бере отырып, Банк Салымшылары Нысандағы пәтерлерді Банк салымшыларына өткізуге дауыс береді. Өтініш қабылдау аяқталған күні Банктің ішкі құжаттарына сәйкес Үміткерлердің/Резервистердің қажетті саны жеткіліксіз болған жағдайда, онда Нысанға қажетті дауыс беру саны жиналмаған деп есептелініп, Бағдарламаға қатысуға берілген өтініштер автоматты түрде жойылады.
Банктің интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет банкте» өтініш беруге болады: www.hcsbk.kz. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
Құрылыс нысанының сипаттамасымен, ғимарат қасбетінің фото-суреттерімен және пәтерлердің жоспарлануымен Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында танысуға болады.
Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру