Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2015 жылғы «01» қарашадан бастап «31» желтоқсанға дейін «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында салынатын Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Жас-Қанат ықшам ауданында орналаскан «таза» әрлеудегі бағасы 1 шаршы метрі үшін 120 000 теңге тұратын «Жас-Қанат» көп пәтерлі тұрғын кешеніне (барлығы 223 пәтер) «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» «Барлық санаттағы тұрғындарға баспана» аталатын бағытының 2 тобының талаптарына сәйкес келетін тұлғалардың тізімінен құрылатын тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға өтініш қабылдайтындығын хабарлайды. Құрылыстың аяқталу мерзімі: 2016 жылдың ақпан айы.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте» өтініш беруге болады.
Өтініш тек Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Банктің төмендегі мекенжайларда орналасқан филиалында немесе Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулын құру тәртібімен және құрылыс нысанының сипаттамасымен егжей-тегжейлі танысуға, сонымен қатар ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын көруге де болады. 1. Алматы қ., Сейфуллин даңғ., 498 2. Алматы қ., Жетысу-2 ы/а, 70 «Б» үй (Абай даң-лы, Сайын және Б.Момышұлы к-нің аралығында) 3. Алматы қ., Спартак к-сі, 30 үй (Сейфуллин д., Шолохов к-нің қиылысы) 4. Алматы қ., Абылай хан даңғ. (Қазыбек би к-нің қиылысы) Сонымен қатар, 300 қысқа номерге хабарласу арқылы білуге болады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!