Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Алматы облысында «Нұрлы жол» бағдарламасына қатысу үшін дауыс берудің басталғандығы туралы

Алматы облысында «Нұрлы жол» бағдарламасына қатысу үшін дауыс берудің басталғандығы туралы

13 сентября 2017
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «ЖАО арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасына қатысу үшін өтініштерді қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыруға дауыс беру туралы хабарлайды.

Нысан: «Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кентінде орналасқан 60 пәтерлі тұрғын үй», объект коды 408.

Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: қыркүйек 2017 жыл.
«Таза» әрленген тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 140000 теңге.
Жайлылық класы: III класс
Пәтерлер саны: 60
Пәтер түрі 1-бөлмелі: 20 пәтер, ең жоғарғы аумағы 47,10 ш.м.
Пәтер түрі 2-бөлмелі : 20 пәтер, ең жоғарғы аумағы 59,44 ш.м.
Пәтер түрі 3-бөлмелі : 20 пәтер, ең жоғарғы аумағы 75,87 ш.м.
Қатысуға өтінімдерді алу мерзімі: 19.09.2017 жылдан бастап 19.10.2017 жылға дейін.
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау) (Нысанды келіскен жағдайда) : 20.10.2017 жыл.
Өтінішті Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» беруге болады. Өтініш беру күні және уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініш Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Нысандағы тұрғын үй кемінде 50% ЖАО кезегіндегілер арасында бөлінуі тиіс.

ЖАО кезегіндегі өтініш берушілер немесе біліктіліктен өткендер саны жеткіліксіз болған жағдайда, тұрғын үй Банк салымшыларының үміткерлері арасында таратылады.

«Нұрлы жол» бағдарламасына қатысуға өтініш беру арқылы Банк салымшылары Нысан үшін және оның одан әрі іске асыру үшін дауыс береді. Егер қабылдаудың соңғы күні Банкте өтініштер берілген жағдайда:

- Нысан нөмірін сәйкестендіру үшін жеткілікті салымшылар өтініштері Банктің ішкі құжаттары анықтайтын келіп түскен өтініштерге сәйкес балдар есептеледі;

- Өтініштердің жеткіліксіз саны Банктің ішкі құжаттарына сәйкес анықталады, ұсынылған өтініштер автоматты түрде жойылады.

Үміткерлерге арналған талаптар туралы қосымша ақпараттармен, ғимараттардың қасбеттері мен пәтерлердің фотосуреттерімен, объектінің сипаттамасымен Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде танысуға болады.

Қосымша сұрақтарыңыз болса, (ұялы тегін) 300 нөмірі бойынша Банктің Колл-центр орталығына хабарласуыңызға болады.
Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру