Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Алматы қ. «Нұрлы жер» бағдарламасы қатысушыларымен пәтерлерді сатып алу-сату шарттарын жасау және қоныстандыру мерзімі туралы

Алматы қ. «Нұрлы жер» бағдарламасы қатысушыларымен пәтерлерді сатып алу-сату шарттарын жасау және қоныстандыру мерзімі туралы

10 маусым 2019
Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі - Банк) «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасының «ЖАО несиелік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша салынып жатқан нысандарды іске асыру жөнінде келесіні хабарлайды:
Саялы ы.а. тұрғын үйді салу және сату кезеңдері:
1) Құрылысқа тапсырыс беруші - Алматы қаласы жайлы қалалық орта басқармасы тендер жариялайды және мердігерлермен (құрылыс компанияларымен) шарттар жасасады.
2) Құрылысқа тапсырыс беруші – Алматы қаласы жайлы қалалық орта басқармасы "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-мен салынып жатқан объектідегі пәтерлерді сату жөнінде келісім жасасады. Банк сатып алушыларды іріктейді және тізімдерді Алматы қаласының тұрғын үй саясаты басқармасына жібереді.
3) Құрылыс аяқталғаннан кейін - Алматы қаласы жайлы қалалық орта басқармасы іске қосу актілерін, үйге техникалық паспорттарды дайындайды және уәкілетті органдарда тіркейді.
4) Құжаттарды дайындағаннан кейін Алматы қаласы жайлы қалалық орта басқармасы үйлерді Алматы қаласының тұрғын үй саясаты басқармасының балансына береді.
5) Құжаттарды алғаннан кейін Алматы қаласының тұрғын үй саясаты басқармасы сатып алу-сату шартын дайындайды және пәтерлерге сатып алу-сату шарттарын жасасу үшін сатып алушыларды шақырады.

Банк апта сайын Әкімдік өкілдерімен салынған тұрғын үйге құжаттарды дайындау мерзімін жеделдету және сатып алушылармен сатып алу-сату шарттарын бастау бойынша келіссөздер жүргізеді. Алматы қаласы жайлы қалалық орта басқармасынан алынған ақпаратқа сәйкес үйдің құжаттарын рәсімдеу процесі аяқтау сатысында. Шамамен ағымдағы жылдың шілде айының 15-нен кейін Алматы қаласының тұрғын үй саясаты басқармасы сатып алу-сату шарттарын жасасу үшін сатып алушыларды шақырады. Банк қаржы операторы болып табылады және сатып алушыларға тұрғын үй сатып алуға несие беруді жүзеге асырады, несие беру тұрғын үй құжаттарын ресімдегеннен кейін ғана мүмкін болады. Өкінішке орай, Банктің Әкімдікке өтінішіне қарамастан, құжаттарды ресімдеу мерзімі созылды. Банк, сатып алушылар сияқты құжаттарды жедел ресімдеуге мүдделі, алайда бұл процеске Банк әсер ете алмайды, себебі құрылысқа тапсырыс беруші болып табылмайды.
03/06/19 Әкімдік өкілдерінен алынған соңғы ақпаратқа сәйкес Алматы қ., Алатау ауд., Саялы-2 ы.а. мекен-жайы бойынша орналасқан объект бойынша (объектілердің кодтары №1202, 1228, 1251, 1252):
- Пәтер сатып алу-сату шартын жасау 2019 жылдың 15 шілдесінен бастап жоспарлануда.
- Қоныстандыру 2019 жылғы тамыздан басталады, барлық қажетті құжаттарды ресімдегеннен кейін (қарыз шартын, кепіл шарты және т.б. ресімделгеннен кейін) және пәтер үшін төлем аударылғаннан кейін.
Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру