Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Алматы қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы

Алматы қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы

16 марта 2018
Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) «Нұрлы жол» бағдарламасының «ЖАО арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Нысан: Алматы қ., Алатау ауданы, Шаңырақ-5 (Саялы) ықшам ауданы мекенжайы бойынша орналасқан 5 қабатты көппәтерлі тұрғын үйлер. Нысан коды 384, ПУЛ №3.
Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: аяқталды.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 159 800 теңге.
Пәтер саны: 29, оның ішінде:
Пул № 3, пәтер типі: 2-бөлмелі, 29 пәтер, максималды алаңы – 65,72 ш.м.
Қатысуға өтініш қабылдау мерзімі «Нұрлы жол» бағдарламасына: 15.03.2018 ж. бастап 30.03.2018 ж. дейін.
Балл есептелінетін күн (Үміткерлерді іріктеу): 02.04.2018 ж.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» өтініш беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.
Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға болады. Соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін көре аласыздар.
Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) үшін құжаттардың тізімі Банктің интернет-ресурсында көрсетілген.
Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру