Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

Регион

Алматы қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша нысанға дауыс беру туралы

Алматы қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша нысанға дауыс беру туралы

20 Августа 2018
Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай – Банк) «Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы несиелік тұрғын үй салу» бағыты бойынша «Нұрлы жер» Бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау арқылы тұрғын үй құрылыс жобаларын жүзеге асыру үшін дауыс беру туралы хабарлайды.
Нысан: «5-қабатты тұрғын үйлер», Алматы қ., Алатау ауданы, Саялы ы.а., 34 үй мекенжайы бойынша орналасқан. Нысанның коды №1192.
Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: тамыз 2018 жыл.
«Таза» әрленген тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы 159 109 теңге.
Жайлылық класы: ІV
Пәтер саны: 472,
Пәтер түрі 1 - бөлмелі: 100 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 40,00 ш.м.;
Пәтер түрі 1 - бөлмелі: 134 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 45,11 ш.м.;
Пәтер түрі 2 - бөлмелі: 134 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 65,72 ш.м.;
Пәтер түрі 3 - бөлмелі: 100 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 75,77 ш.м.;
Пәтер түрі 3 - бөлмелі: 4 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 83,84 ш.м.
Бағдарламаға қатысу үшін өтініштерді қабылдау мерзімі: 20.08.2018 ж. бастап 11.09.2018ж. дейін
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 12.09.2018 ж.
Өтініштерді Банктің www.baspana.kz интернет-ресурсындағы беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты, берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініш тек Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Нысандағы тұрғын үйлердің 50% -дан кем емес бөлігі ЖАО –ның кезегіндегілерге үлестіріледі. Қатысуға өтініш берген немесе квалификациядан өткен ЖАО-ның кезегіндегілер көлемі жетіспеген жағдайда, баспана Банк салымшылары арасынан өтініш бергендерге үлестіріледі.
Бағдарламаға қатысуға өтініш беру жолымен, Банк салымшылары нысанның өткізілуін ұйғару үшін дауыс береді. Нысанды ұйғару кезінде, салымшылардың берген өтініштері ары қарай бағдарламаға қатысу үшін қабылданады.
Банктің ішкі құжаттарына сәйкес, егер де Банк өтініштерді қабылдаудың соңғы күніне дейін нысанды ұйғару үшін салымшылардан жеткілікті көлемде өтініш қабылдай алмаса, берілген өтініштер автоматты түрде күшін жояды.
Банктің www.baspana.kz. Және www.hcsbk.kz интернет-ресурсында құрылыс нысанының сипаттамасымен толығырақ танысуға, әсіресе, ғимараттың қасбетін және пәтерлердің жобалануын көруге болады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Колл-Центр 300 қызметіне хабарласуға болады.
Ваш город Алматы?
Да
Нет

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!