Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

Регион

Алматы қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы

Алматы қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы

28 Мая 2018
Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) «Нұрлы жол» бағдарламасының «Байтерек девелопмент» АҚ арқылы «Несиелік тұрғын үй салу» бағыты бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Объект: «Алматы қ., Алатау ауданы, Б. Момышұлы көшесі мен Рысқұлов даңғылының қиылысы» мекенжайы бойынша орналасқан 9-қабатты 72-пәтерлік тұрғын үйлер. Нысан коды 286, №2 Пул.
Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: аяқталды.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 204 000 теңге.
Пәтер саны: 47, оның ішінде:
Пул № 2, пәтер типі: 1-бөлмелі, 47 пәтер, максималды алаңы – 48,65 ш.м.
«Нұрлы жол» бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 30.05.2018 ж. бастап 13.06.2018 ж. дейін.
Балл есептелінетін күн (Үміткерлерді іріктеу): 14.06.2018 ж.
Іріктеу мерзімі (төлем қабілеттілігін бағалау): 20.06.2018 жылдан бастап 04.07.2018 жылға дейін
Тұрғын үй таңдау кезеңі: 20.06.2018 жылдан бастап 16.07.2018 жылға дейін.
Тұрғын үйді бөлу күні: 17.07.2018 жыл.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» өтініш беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.
Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға болады. Соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін көре аласыздар.
Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) үшін құжаттардың тізімі Банктің интернет-ресурсында көрсетілген.

Ваш город Алматы?
Да
Нет

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру

Сізбен 30 минуттан кейін хабарласады*
*жұмыс күндері сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін,
ал демалыс және мереке күндері
сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін