Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Алматы қаласында «Өз үйім» бағдарламасына қатысу үшін өтініштерді қабылдау басталғаны туралы

Алматы қаласында «Өз үйім» бағдарламасына қатысу үшін өтініштерді қабылдау басталғаны туралы

19 июля 2019
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау арқылы тұрғын үй құрылыс нысандарына дауыс беру жайында хабарлайды.
Нысан: Алматы қ., Наурызбай ауд.,"Шұғыла" ы.а., 341/1, 341/4 ж.т., 16, 20, 49, 50, 53, 55 айқындамада орналасқан 9-қабатты көп пәтерлі тұрғын үй. Төртінші кезең, Коды №1369.
Тапсырыс берушінің атауы: ЖШС "ТИМУС-construction"
Құрылыстың аяқталу мерзімі: қырқүйеқ 2019 ж.
Тұрғын үй толық дайын күйінде және бекітілген жобаға сәйкес өткізілетін болады.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза әрленген» күйінде 240 000 теңге.
Жайлылық сыныбы: 4 сынып
Пәтер саны: 358, соның ішінде:
Пул №1, Пәтер түрі 1-бөлм.: 90 пәтер, ең үлк. ауданы 39,6 шаршы м.,
Пул №2, Пәтер түрі 1-бөлм.: 88 пәтер, ең үлк. ауданы 44,89 шаршы м.,
Пул №3, Пәтер түрі 2-бөлм.: 88 пәтер, ең үлк. ауданы 61,72 шаршы м.,
Пул №4, Пәтер түрі 3-бөлм.: 90 пәтер, ең үлк. ауданы 75,68 шаршы м.,
Пул №5, Пәтер түрі 3-бөлм.: 2 пәтер, ең үлк. ауданы 83,82 шаршы м.,
«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 22.07.2019 жылдан бастап 12.08.2019 жылға дейін.
Балл есептелетін күн (Үміткерлерді іріктеу): 13.08.2019 жыл.
Біліктілік кезеңі (төлем қабілеттілігін бағалау): 16.08.2019 жылдан бастап 02.09.2019 жылға дейін.
Төлем қабілеттілігін бағалау орны: «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ филиалдары.
«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш беру үшін өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында кемінде 500 000 (бес жүз мың) теңге жинағы болуы тиіс.
Аралық заем алуға өтініштерді тапсыру барысында өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ есеп шотында таңдап алынған пәтер құнынан кемінде 50% болуы тиіс.
Бағдарламаға қатысуға өтініш бере отырып, Банк Салымшылары Нысандағы пәтерлерді Банк салымшыларына өткізуге дауыс береді. Өтініш қабылдау аяқталған күні Банктің ішкі құжаттарына сәйкес Үміткерлердің/Резервистердің қажетті саны жеткіліксіз болған жағдайда, онда Нысанға қажетті дауыс беру саны жиналмаған деп есептелініп, Бағдарламаға қатысуға берілген өтініштер автоматты түрде жойылады.
Пулда қатысу үшін Банктің интернет-ресурсы www.baspana.kz өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.
Пәтерлерді бөлу тәртібімен, біліктілік (төлем қабілеттілігін бағалау) бойынша құжаттар тізімін және де құрылыс нысанының сипаттамасымен, ғимарат қасбетінің фото-суреттерімен және пәтерлердің жоспарлануымен Банктің www.hcsbk.kz және/немесе www.baspana.kz интернет-ресурсында танысуға болады.


Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру