Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Алматы қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс өткізу туралы

Алматы қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс өткізу туралы

13 марта 2019
Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) «Нұрлы Жер» бағдарламасының «Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы несиелік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Объект: Саялы-2 ы.а. (НЖ ЖАО. Екінші кезең. Мансардты қабаттар), Алматы қ., Алатау ауд., Саялы-2 ы.а., 11, 15, 16, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 33, 34, 37, 40, 42, 43, 44, 45 н. мекенжайы бойынша орналасқан. Объектінің коды №1252 (Пул №2, №3 қосымша конкурс).
Нысандағы барлық пәтерлер әр үйдің бесінші (соңғы) қабатында орналасқан, балкондары жоқ.
Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: мамыр 2019ж.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 179 001 теңге.
Пәтер саны: 48, оның ішінде:
Пул № 2, пәтер типі: 2-бөлмелі, 22 пәтер, максималды алаңы – 42.02 ш.м.
Пул № 3, пәтер типі: 3-бөлмелі, 26 пәтер, максималды алаңы – 57.73 ш.м.
Қатысуға өтініш қабылдау мерзімі «Нұрлы жер» бағдарламасына: 13.03.2019ж. бастап 27.03.2019ж. дейін.
Балл есептелінетін күн (Үміткерлерді іріктеу): 28.03.2019ж.
Іріктеу мерзімі (төлем қабілеттілігін бағалау): 04.04.2019ж. бастап 17.04.2019ж. дейін
Тұрғын үй таңдау кезеңі: 04.04.2019ж. бастап 29.04.2019ж. дейін.
Тұрғын үйді бөлу күні: 30.04.2019ж.
Банктің www.baspana.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» өтініш беруге болады.
Банктің www.hcsbk.kz, www.baspana.kz интернет-ресурстарында өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға болады. Соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін көре аласыздар.
Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді. Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру