Алматы қаласында «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша іріктеудің басталғаны туралы | Нысан: «Алматы қ., Алатау ауданы, Б. Момышұлы көшесі мен Рысқұлов даңғылының қиылысы» мекенжайы бойынша орналасқан 9-қабатты 72-пәтерлік тұрғын үйлер, нысан коды 286, №1, №3, №4 Пул.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Алматы қаласында «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша іріктеудің басталғаны туралы

Алматы қаласында «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша іріктеудің басталғаны туралы

28 мамыр 2018
Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай – Банк)
Іріктеудің (төлем қабілеттілігін бағалау) басталғаны туралы хабарлайды.
Нысан: «Алматы қ., Алатау ауданы, Б. Момышұлы көшесі мен Рысқұлов даңғылының қиылысы» мекенжайы бойынша орналасқан 9-қабатты 72-пәтерлік тұрғын үйлер, нысан коды 286, №1, №3, №4 Пул.
Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: аяқталды.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 204 000 теңге.
Пәтер саны: 100 пәтер, соның ішінде:
Пул № 1, пәтер типі: 1-бөлмелі, 28 пәтер, максималды алаңы – 39,40 ш.м.
Пул № 3, пәтер типі: 2-бөлмелі, 38 пәтер, максималды алаңы – 67,60 ш.м.
Пул № 4, пәтер типі: 3-бөлмелі, 34 пәтер, максималды алаңы – 84,00 ш.м.
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) мерзімі: 04.06.2018 жылдан бастап 18.06.2018 жылға дейін қоса алғанда.
Тұрғын үйді таңдау кезеңі: 04.06.2018 - 27.06.2018 ж.ж. аралығы
Тұрғын үйді бөлу мерзімі: 28.06.2018 ж.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында ғимарат қасбетінің фото-суреттерін және пәтер жоспарын көре аласыздар.
Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру