Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Алматы қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы

Алматы қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы

27 апреля 2018
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) «Нұрлы жол» бағдарламасының «Байтерек девелопмент» АҚ арқылы «Несиелік тұрғын үй салу» бағыты бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Нысан: Алматы қ., Алатау ауданы, Б. Момышұлы көшесі мен Рысқұлов даңғылының қиылысы мекенжайы бойынша орналасқан 9-қабатты 72-пәтерлік тұрғын үйлер. Нысан коды 235. ПУЛ №1, №2, №3, №4.
Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: аяқталды.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 203 898 теңге.
Пәтер саны: 240, оның ішінде:
Пул № 1, пәтер типі: 1-бөлмелі, 51 пәтер, максималды алаңы – 39,40 ш.м.
Пул № 2, пәтер типі: 1-бөлмелі, 75 пәтер, максималды алаңы – 48,65 ш.м.
Пул № 3, пәтер типі: 2-бөлмелі, 52 пәтер, максималды алаңы – 67,15 ш.м.
Пул № 4, пәтер типі: 3-бөлмелі, 62 пәтер, максималды алаңы – 84,00 ш.м.
Қатысуға өтініш қабылдау мерзімі «Нұрлы жол» бағдарламасына: 02.05.2018 ж. бастап 22.05.2018 ж. дейін.
Балл есептелінетін күн (Үміткерлерді іріктеу): 23.05.2018 ж.
Іріктеу мерзімі (төлем қабілеттілігін бағалау): 29.05.2018 жылдан бастап 11.06.2018 жылға дейін
Тұрғын үй таңдау кезеңі: 29.05.2018 жылдан бастап 25.06.2018 жылға дейін.
Тұрғын үйді бөлу күні: 26.06.2018 жыл.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» өтініш беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.
Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға болады. Соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін көре аласыздар.
Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) үшін құжаттардың тізімі Банктің интернет-ресурсында көрсетілген.
Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру