Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Алматы қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы

Алматы қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы

20 августа 2018
Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) «Нұрлы жол» бағдарламасының «ЖАО арқылы тұрғын үй несиелік құрылысы» бағыты бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Нысан: «9 қабатты көппәтерлі тұрғын үйлер», Алматы қ., Түрксіб ауданы, Жас Қанат ықшам ауданы мекенжайы бойынша орналасқан. Коды 383 Пул №5 қосымша конкурс №2.
Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: аяқталды.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 177 330 теңге.
Пәтер саны: 2, оның ішінде:
Пул № 5, пәтер типі: 3-бөлмелі, 2 пәтер, максималды алаңы – 87,83 ш.м.
«Нұрлы жол» бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 24.08.2018 ж. бастап 03.09.2018 ж. дейін.
Балл есептелінетін күн (Үміткерлерді іріктеу): 04.09.2018 ж.
Іріктеу мерзімі (төлем қабілеттілігін бағалау): 10.09.2018 жылдан бастап 14.09.2018 жылға дейін
Тұрғын үй таңдау кезеңі: 10.09.2018 жылдан бастап 26.09.2018 жылға дейін.
Тұрғын үйді бөлу күні: 27.09.2018 жыл.
Банктің www.baspana.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» өтініш беруге болады.
Банктің www.hcsbk.kz, www.baspana.kz интернет-ресурстарында өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға болады. Соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін көре аласыздар.
Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді. Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру