Ақтөбе қ. нысан құрылысының аяқталу мерзімінің ауыстырылғандығы туралы | «Нұр-Ақтөбе» нысаны құрылысының аяқталу мерзімінің ауыстырылуы туралы ЖАО-мен қосымша келісім жасауға байланысты келесі өзгерістер жөнінде хабарлаймыз.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Ақтөбе қ. нысан құрылысының аяқталу мерзімінің ауыстырылғандығы туралы

Ақтөбе қ. нысан құрылысының аяқталу мерзімінің ауыстырылғандығы туралы

21 шілде 2016
Құрметті салымшылар!

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде құрылысы жоспарланып жатқан «Нұр-Ақтөбе» нысаны құрылысының аяқталу мерзімінің ауыстырылуы туралы ЖАО-мен қосымша келісім жасауға байланысты келесі өзгерістер жөнінде хабарлаймыз:

- құрылыстың аяқталу мерзімінің 2016 жылдың қыркүйек айына ауыстырылғандығы туралы;
- құрылысты пайдалануға беру мерзімінің 2016 жылдың қыркүйек айына ауыстырылғандығы туралы;
- «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша ІІ топтың талаптарына сәйкес келетін тұлғалардың ішінен құрылатын тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға өтініш қабылдау мерзімінің 2016 жылдың тамыз айына ауыстырылғандығы туралы.

Нысан Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Нұр-Ақтөбе ы.а., №18, 36, 38 үй мекенжайында орналасқан.

Толығырақ ақпаратты алу үшін Банктің төменде көрсетілген мекенжайларына хабарласуларыңызды сұраймыз: Ақтөбе қаласы, Ә.Молдағұлова даңғылы, 46Б және Жанқожа-батыр к-сі, 9. Ақпарат, сондай-ақ, Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында жарияланған.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру