Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Ақтау қаласында «Өз үйім» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы

Ақтау қаласында «Өз үйім» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы

2 августа 2018
Құрметті Салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) «Өз үйім» бағдарламасы бойынша қосымша байқау туралы хабарлайды.
Нысан: «Мерет» КТК», коды №1044, «Маңғыстау облысы, Ақтау қ., 17 ш/а, 54 жер телімі, 3 үй» мекенжайында орналасқан.
Құрылыс компаниясының атауы: ТОО «АС Құрылыс»
Құрылыстың аяқталатын жоспарланған мерзімі: маусым 2018 ж
Бекітілген жобаға сәйкес тұрғын үй толық даярлықта тапсырылады.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны «әрлеу» өңінде: 179 500 теңге.
Комфортты класы: ІІ класс
Пәтерлер саны: 53
Пәтер түрі 1-бөлмелі: 9 пәтер, максималды ауданы 58 ш.м.
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 23 пәтер, максималды ауданы 92 ш.м.
Пәтер түрі 3-бөлмелі: 9 пәтер, максималды ауданы 136 ш.м.
Пәтер түрі 1-бөлмелі: 12 пәтер, максималды ауданы 71 ш.м.
«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 07.08.2018 жылдан бастап 20.08.2018 жылға дейін.
Балл есептелетін күн (Үміткерлерді іріктеу): 21.08.2018 жыл.
Біліктілік кезеңі (төлем қабілеттілігін бағалау): 27.08.2018 жылдан бастап 11.09.2018 жылға дейін
«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш беру үшін өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында кемінде 500 000 (бес жүз мың) теңге жинағы болуы тиіс.
Алдын ала тұрғын-үй қарызын алуға өтініштерді тапсыру барысында өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ есеп шотында таңдап алынған пәтер құнынан кемінде 20% болуы тиіс.

Бағдарламаға қатысуға өтініш бере отырып, Банк Салымшылары Нысандағы пәтерлерді Банк салымшыларына өткізуге дауыс береді. Өтініш қабылдау аяқталған күні Банктің ішкі құжаттарына сәйкес Үміткерлердің/Резервистердің қажетті саны жеткіліксіз болған жағдайда, онда Нысанға қажетті дауыс беру саны жиналмаған деп есептелініп, Бағдарламаға қатысуға берілген өтініштер автоматты түрде жойылады.

Пулға қатысу үшін Банктің www.baspana.kz интернет-ресурсында өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.

Пәтерлерді бөлу тәртібімен, біліктілік (төлем қабілеттілігін бағалау) бойынша құжаттар тізімін және де құрылыс нысанының сипаттамасымен, ғимарат қасбетінің фото-суреттерімен және пәтерлердің жоспарлануымен Банктің www.hcsbk.kz және/немесе www.baspana.kz интернет-ресурсында танысуға болады.
Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру