Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Ақтау қаласында «Өз үйім» бағдарламасына қатысу үшін өтініш қабылдау туралы

Ақтау қаласында «Өз үйім» бағдарламасына қатысу үшін өтініш қабылдау туралы

12 желтоқсан 2018
Құрметті салымшылар !

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Өз үйім» бағдарламасына қатысу үшін өтініштерді қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы нысанына дауыс беру туралы хабарлайды.
Нысан: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 16 ш.а., 21/5 жер учаскесінде орналасқан көппәтерлі «Евразия» тұрғын үй кешені».
Нысан коды: 1271
Тапсырыс беруші/Құрылыс салушы: «ЖК Евразия» ЖШС.

Құрылыстың аяқталуының болжамды мерзімі: 2019 жылдың қаңтар айы.

Тұрғын үй бекітілген жобаға сәйкес және толық дайын болған жағдайда пайдалануға беріледі.
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 149 000 теңге
Жайлылық класы: ІV класс
Пәтер саны: 12, оның ішінде:
1-бөлмелі пәтер, жалпы ауданы 44,1 ш.м. –6 пәтер;
2 -бөлмелі пәтер, жалпы ауданы 65,0 ш.м.- 2 пәтер;
3-бөлмелі пәтер, жалпы ауданы 111,0 ш.м.- 4 пәтер;
«Өз үйім» бағдарламасына қатысу үшін өтініш беру мерзімі: 2018 жылғы 12 желтоқсаннан бастап 2019 жылдың 03 қаңтарына дейін (қоса алғанда).
Баллдарды есептеу күні (үміткерлерді іріктеу): 04 қаңтар 2018 жыл.
Іріктеу мерзімі (төлемқабілеттілігін бағалау): 10.01.2019 ж. – 24.01.2019 ж.

Іріктеу орны: Ақтау қаласы

«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш беру үшін өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында кемінде 500 000 (бес жүз мың) теңге жинағы болуы тиіс.

Өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында таңдалған пәтер құнының кемінде 20%-ы көлемінде тұрғын үй құрылыс жинағы болғанда алдын ала тұрғын үй заемын алуға өтініш беру мүмкін болады.
Бағдарламаға қатысуға өтініш бере отырып, Банк Салымшылары Нысандағы пәтерлерді Банк салымшыларына өткізуге дауыс береді. Өтініш қабылдау аяқталған күні Банктің ішкі құжаттарына сәйкес Үміткерлердің/Резервистердің [Іріктелген үміткерлер] қажетті саны жеткіліксіз болған жағдайда, онда Нысанға қажетті дауыс беру саны жиналмаған деп есептелініп, Бағдарламаға қатысуға берілген өтініштердің күші автоматты түрде жойылады.

Бағдарламаға қатысуға өтініш Банктің www.baspana.kz интернет-ресурсында тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.

Тұрғын үйді бөлу тәртібі, іріктеуге (төлем қабілеттілігін бағалау) қажетті құжаттар тізімі, сондай-ақ ғимарат қасбетінің фото-суреттерімен және пәтерлердің/жеке тұрғын үйлердің жоспарымен Банктің www.hcsbk.kz және/немесе www.baspana.kz интернет-ресурсында танысуға болады.


Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру