Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

Регион

Ақсу қаласында тұрғын үй бағасының өзгергені туралы

Ақсу қаласында тұрғын үй бағасының өзгергені туралы

31 Октября 2017
Құрметті салымшылар!

2017 жылғы 7 сәуірден бастап 7 мамырға дейінгі кезеңде «Ақсу қаласы, Молодежная, 30 көшесі бойында орналасқан 4 кіреберісті 5 қабатты тұрғын үй» нысаны бойынша (әрі қарай-Нысан) «ЖАО арқылы Кредиттік тұрғын үй» бағыты бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасына қатысуға (әрі қарай-Бағдарлама) өтініштер қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобасын іске асыру үшін салымшылардың дауыс беруі өткізілді.
Салымшылардың дауыс беруі нәтижесі бойынша (салымшылардың өтініштерін қабылдау) Нысан келісілді және Банк салымшыларына Нысаннан тұрғын үй берілу мүмкіндігі анықталды деп танылды.

Банкке «Павлодар облысының құрылыс басқармасы» ММ тарапынан 2017 жылғы 24 қазандағы №9/1-19/1632 келіп түскен хатқа сәйкес, тұрғын үй бағасының төмендеуі себептеріне байланысты осы Нысан бойынша тұрғын үйдің 1 ш.метрінің бағасы 115 000 теңгеден 90 000 теңгеге өзгертілді.
Салымшылар осы өзгертулермен келіспеген жағдайда, олар Банкке хабарласып, «Нұрлы жол» бағдарламасына қатысуға берген өтініштерін жойып тастай алады.
Сонымен қатар, егер осы хабарландыру Банктің интернет-ресурсына орналастырылған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күні ішінде салымшыдан өтінішті жою туралы өтініш келіп түспесе, онда Банк осы өзгертулерге салымшы келісімін берді деп есептейтін болады. «Нұрлы жол» бағдарламасына қатысуды жалғастыруға ниетті салымшыларға Банк тұрғын үй өткізуді бағдарлама тәртібінде және талаптарында жалғастырады.
Осы нысанға дауыс берген және «Нұрлы жол» бағдарламасына қатысуға өтініштерін жойған Банк салымшылары Банк іске асыратын басқа да тұрғын үй құрылыс нысандарының өткізілуіне дауыс беруге қатыса алады.

Өткізілуі жоспарланып отыратын Нысандар бойынша жаңалықтарды Банктің www.hcsbk.kz ішкі сайтынан бақылап отыруларыңызды сұраймыз.
Сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, 300 нөмірі бойынша (ұялы байланыстан тегін) Банктің Байланыс-орталығына хабарласуларыңызға болады.
Ваш город Алматы?
Да
Нет

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру

Сізбен 30 минуттан кейін хабарласады*
*жұмыс күндері сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін,
ал демалыс және мереке күндері
сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін