Ақсу қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс туралы | Нысан: Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Молодежная, 30 көшесі бойында орналасқан 5 қабатты 4 кіреберісті тұрғын үй құрылысы.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Ақсу қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс туралы

Ақсу қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс туралы

16 шілде 2018
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай-Банк) «Жергілікті атқарушы органдар арқылы несие тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы қосымша конкурс өткізілетіндігі жөнінде хабарлайды.

Нысан: Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Молодежная, 30 көшесі бойында орналасқан 5 қабатты 4 кіреберісті тұрғын үй құрылысы.

Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: 01.12.2017 жыл.
«Таза» әрленген тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 90 000 теңге.
Пәтер саны: 16
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 6 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 64,61 ш.м.;
Пәтер түрі 3-бөлмелі: 1 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 80,71 ш.м.;
Пәтер түрі 1-бөлмелі: 9 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 41,88 ш.м.
Жобаға қатысу үшін өтініш беру мерзімі «Нұрлы жол» Бағдарламасы: 16.07.2018 ж. бастап 29.07.2018 ж. дейін.
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 30.07.2018 ж.
Өтінішті Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» беруге болады. Өтініш беру күні және уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.

Пәтерлерді бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында көрсетілген.

Біліктілікке (төлем қабілеттілігін бағалауға) қажетті құжаттар тізімін Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында көрсетілген.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру