Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Ақтау қ. тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысу үшін өтініштер қабылдау туралы, Аққу-2

Ақтау қ. тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысу үшін өтініштер қабылдау туралы, Аққу-2

14 Августа 2015

Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2015 жылғы 01 қыркүйек пен 31-ші қазан аралығында «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» ІІ бағыты бойынша «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» талаптарына сәйкес келетін адамдардан құрылатын «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында Ақтау қаласы, 33 «АККУ-2» ықшамауданы мекенжайында салынып жатқан «көп пәтерлі тұрғын үй кешені» (барлығы 283 пәтер), бағасы – 1 ш.м. үшін 112 500 теңге «таза» өңделген пәтерлерді сатып алушылар мен жалдаушылар пулына қатысуға өтініштер қабылданатындығы туралы хабарлайды. Құрылыстың аяқталу мерзімі: 2015 жылдың 4 тоқсаны.
Қатысушыларға қойылатын талаптармен Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсының «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бөлімінде танысуға болады.
Өтініштерді Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсындағы «Клиенттің жеке кабинетінде» бере аласыздар.
Өтініштер тек Банк салымшыларынан қабылданады.
Ақтау қаласы, 11-ші ықшамаудан, 60 үйдің 1-ші қабаты (Ботаникалық баққа қарсы) мекенжайында орналасқан Банктің филиалында байланыс тел. 8 (7292) 43-96-91, 43-96-92, не Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй сатып алушылар мен жалға алушылар пулдарын құру тәртібімен және құрылыс объектісінің сипаттамасымен толығырақ танысып, ғимарат қасбеті мен пәтерлер жоспарын көруге болады.

 

Ваш город Алматы?
Да
Нет

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру

Сізбен 30 минуттан кейін хабарласады*
*жұмыс кестесі: жұмыс күндері -
09:00-ден 19:00-ге дейін,
сенбі: 10:00-ден 14:00-ге дейін,
демалыс және мереке күндері - демалыс