Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Ақтау қаласында «Нұрлы жол» Бағдарламасы бойынша дауыс беру мерзімінің ұзартылғандығы туралы

Ақтау қаласында «Нұрлы жол» Бағдарламасы бойынша дауыс беру мерзімінің ұзартылғандығы туралы

18 января 2018
Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай-Банк) «Бәйтерек девелопмент» АҚ арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы бағыты бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасына (әрі қарай - Бағдарлама) қатысу үшін өтініштерді қабылдау арқылы тұрғын үй құрылыс жобаларына дауыс беру мерзімін 2018 ж 01 ақпанына дейін ұзартқанын хабарлайды.
Нысан: Маңғыстау облысы , Ақтау қаласы, 17 ш/а, №14 жер телімі мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үйлер, нысан коды – 251.
Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: қыркүйек 2017 жыл.
«Таза» әрленген тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 163 618,49 теңге.
Жайлылық класы: ІІІ
Пәтер саны: 6 (алты),
Пәтер түрі: 2 бөлмелі пәтер түрі , 5 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 67,25 ш.м.
Пәтер түрі: 3 бөлмелі пәтер түрі , 1 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 84 ш.м.
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау) (Нысанды келіскен жағдайда) : «02» ақпан 2018 ж.
Өтінішті Банктіңwww.hcsbk.kzинтернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» беруге болады.Өтініш беру күні және уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсе ретпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынанғанақабылданады.
Банк салымшылары Бағдарламаға қатысу үшін өтініш беру арқылы Нысанды іске асыруға келісу үшін дауыс береді. Нысанды келісу кезінде, салымшылардың өтініштері әрі қарай Бағдарламаға қатысу үшін қабылданады. Банктің ішкі құжаттарына сәйкес салымшылардың өтініштерінің саны Нысанды келісу үшін өтініштерді қабылдауды аяқтау күніне дейін Банкке жеткілікті түрде берілмесе, берілген өтініштердің автоматты түрде күші жойылады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.
Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда Банктің Байланыс-орталығына хабарласуыңызды сұраймыз.




Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру