Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Ақтөбе қ-да әкімдік кезегінде тұрғандардан «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша бастапқы жарна төлеу үшін қарыз алуға өтініш қабылдау жалғасуда

Ақтөбе қ-да әкімдік кезегінде тұрғандардан «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша бастапқы жарна төлеу үшін қарыз алуға өтініш қабылдау жалғасуда

12 қараша 2018

2018 жылдың 7 қарашасында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ мен Ақтөбе облысының әкімдігі арасында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларына баспана сатып алу үшін қарыз беру туралы келісімге қол қойылды. Жоба аясында облыстық әкімдікте тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға баспана сатып алу үшін қаржылай қолдау қарастырылып отыр. 

Олар үшін аймақтық билік бірінші кезеңде бюджеттен 250 млн теңге бөлді. Аталған қаражат «Нұр-Ақтөбе» ықшам ауданындағы бір бөлмелі пәтерлер немесе жер телімі бар коттедж сатып алуда бастапқы жарнаны төмендетуге жұмсалады. Барлығы 500-дей пәтер мен 50 коттедж сатылады деп жоспарланып отыр. Таза әрлеудегі тұрғын үйлердің 1 шаршы метрі 100 000-120 000 теңгені құрайды. Пәтерлер аумағы 32 және 54 шаршы метр ал коттедждердің аумағы 114 және 152 шаршы метр аралығында.

«Нұрлы жер» бағдарламасының шарттарына сәйкес, 5% мөлшерлемемен жеңілдетілген заем алу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шотта үй бағасының 20%-на тең бастапқы жарна болуы керек. Мәселен, аумағы 45 шаршы метр болатын пәтердің бағасы шамамен 5 млн теңгені құрайды. Оны сатып алу үшін банктегі салымда бар болғаны 10%-дың, яғни 500 000 теңгенің болуы жеткілікті, ал бастапқы жарна үшін қажет қалған 10%-ды әкімдік бюджеттен бөліп береді. Оны заемшы бес жыл ішінде үстемақысыз қайтарады. Аталған жағдайда қарызды қайтару бойынша ай сайынғы төлем 8 250 теңгені құрайды.
Сол сияқты 114 шаршы метр болатын коттедждің бағасы шамамен 13 680 000 теңгені құрайды. Бастапқы жарна – 1 368 000 теңге, дәл осындай соманы әкімшілік қарызға береді. Бұл жағдайда ай сайынғы төлем 22 800 теңге болады.


40 шаршы метрден тұратын ең кіші пәтерді сатып алу үшін 3 адамнан тұратын отбасыда шамамен 107 мың теңге көлемінде айлық табысы болуы керек. Жалпы төлем айына 35 мың теңгені құрайды, оның ішінде 7 мың ссуда бойынша төлем, ал 28 мың теңге несие бойынша төлем.

Бұл бағдарламаға қатысу үшін өтініш Ақтөбе қаласы, Сәңкібай батыр, 249 даңғылындағы Халықтық кеңсе ғимаратында қабылданады. Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар – меншігінде тұрғын үйдің болмауы және төлем қабілеттілігін растай алуы. 

Бұл бағдарлама бойынша берілетін қарыз бен пәтерлер саны шектеулі! 

Толығырақ ақпарат алу үшін: 704-300 немесе call-center 300


Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру