Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Ақтөбе қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысу үшін өтініштерді қабылдау арқылы дауыс беру басталғаны туралы

Ақтөбе қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысу үшін өтініштерді қабылдау арқылы дауыс беру басталғаны туралы

17 октября 2018
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы несиелік тұрғын үй салу» бағыты бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау арқылы тұрғын үй құрылыс жобаларын жүзеге асыру үшін дауыс беру туралы хабарлайды.

Нысан: Ақтөбе қаласы, «Нұр-Ақтөбе» т.а, №3 ш/а, 10 үй мекенжайында орналасқан 9 қабатты тұрғын үй.
Құрылыстың аяқталу мерзімі: 2018 ж. желтоқсан
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрлеуде
1-бөлмелі пәтер, 1 ш.м. 120 000 теңге,
2-бөлмелі пәтер, 1 ш.м. 135 000 теңге,
3-бөлмелі пәтер, 1 ш.м. 130 000 теңге.

Пәтер саны: 216, оның ішінде:

1-бөлмелі пәтер түрі: 61 пәтер, ең жоғарғы аудан 45,20 шаршы метр
1-бөлмелі пәтер түрі: 7 пәтер, ең жоғарғы аудан 52,40 шаршы метр
2-бөлмелі пәтер түрі: 72 пәтер, ең жоғарғы аудан 56,70 шаршы метр
2-бөлмелі пәтер түрі: 8 пәтер, ең жоғарғы аудан 68,90 шаршы метр
3-бөлмелі пәтер түрі: 60 пәтер, ең жоғарғы аудан 84,60 шаршы метр
3-бөлмелі пәтер түрі: 8 пәтер, ең жоғарғы аудан 92,10 шаршы метр

Өтініштер қабылдау мерзімі: 18.10.2018ж. – 30.10.2018ж. (қоса алғанда)
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 31.10.2018ж.

Өтінішті Банктің www.baspana.kz интернет-ресурсында беруге болады. Өтінішті берген күн мен уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
«Нұрлы жер» бағдарламасына қатысуға өтініш беру арқылы Банк салымшылары Объектіге және оның әрі қарай жүзеге асырылуына дауыс береді.
Объектіде тұрғын үйдің кемінде 50% ЖАО кезекте тұрған азаматтар арасында таратылады.
Қатысуға өтініш берген немесе біліктіліктен өткен, ЖАО кезекте тұрған азаматтар саны жеткіліксіз болған жағдайда, тұрғын үй Банк салымшылары қатарынан басқа өтініш берушілер арасында таратылады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет - ресурсында «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде және/немесе www.baspana.kz интернет - ресурсында егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.

Қосымша сұрақтар туған жағдайда, Банктің Колл-орталығына 300 (ұялы телефон арқылы тегін) нөмірі арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.



Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру