Құрметті салымшылар!
«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі – Банк) «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасының «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыттары бойынша Пулды құрусыз тұрғын үйлердің өткізілетіні туралы хабарлайды.
Нысан: «Ірі панельді 5-қабатты шағын өлшемді № 2 тұрғын үй», Қарағанды облысы, Қарағанды облысы, Абай ауданы, Абай қаласы, 30А кварталы, 2 үй мекенжайы бойынша орналасқан.
Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: 2021 жылдың наурыз айы.
«Таза» әрленген тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы 125 000 теңге.
Пулды құрусыз «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 04.03.2022 ж. бастап 09.03.2022 ж. дейін.
Брондау мерзімі 04.03.2022 ж. 10:00-ден (Нұр-Сұлтан қ. уақытымен) бастап 09.03.2022 ж. 19:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қ. уақытымен).
Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрғандар болып табылмайтын Банк салымшыларынан қабылданады және кезекте тұрған, оның ішінде "Бақытты отбасы" бағыты бойынша келесі санаттар бойынша Банк салымшыларынан қабылданады:
Пулға өтініш беру Банктің Otbasybank.kz интернет-ресурсында жүзеге асырылады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетімен және пәтерлердің жоспарлануымен Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді баспана» бөлімінен және/немесе Банктің Otbasybank.kz интернет-ресурсынан толығырақ танысып, көруге болады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!