2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасына "Шаңырақ" бағыты бойынша қатысуға арналған өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру

2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасына "Шаңырақ" бағыты бойынша қатысуға арналған өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру

30 ноября 2020

Құрметті, салымшы!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі-Банк) «Шаңырақ» бағыты бойынша 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасына қатысуға арналған өтініштерді қабылдайтыны туралы хабарлайды.

Нысан: «Достық» шағын ауданында екі 9 қабатты 1 кіреберісті белгі №3, №13 тұрғын үйлер, Павлодар қаласы, «Достық» шағын ауданы мекенжайы бойынша орналасқан.

Құрылыстың аяқталу жоспарланған мерзімі: 31.12.2020 жыл.
Тұрғын үйдің 1 ш. м. құны: "таза" әрлеудегі 160 000 теңге
Жайлылық класы: 4
Пәтер саны: 71,
Пәтер түрі 1-бөлмелі: 17 пәтер, ең жоғарғы аумағы - 38,65 ш.м.;
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 18 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 62,62 ш.м.;
Пәтер түрі 3-бөлмелі: 18 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 80,19 ш.м.;
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 17 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 81,06 ш.м.
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 1 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 61,86 ш.м.;
Қатысуға арналған өтініштерді қабылдау мерзімі: 04.12.2020 бастап 14.12.2020 жылға дейін.
Сатып алушылар тізімін қалыптастыру (үміткерлерді іріктеу) күні: 15.12.2020 ж.

Пулға қатысуға арналған өтінішті Банктің baspana.kz интернет-ресурсында беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етуі мүмкін.

Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған Банк салымшыларынан ғана қабылданады

Заем беру Өтініш берушіде жинақ шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 10% - ы көлеміндегі тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы болған кезде мүмкін болады.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде, ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын Банктің baspana.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы "Қолжетімді баспана" бөлімінде толығырақ танысуға болады.

Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, Банктің Байланыс-орталығына 300 (ұялы телефоннан тегін) нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.

 

Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру