Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
2014 жылы Қазақстандық ипотеканың әрбір үшінші теңгесін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі берді

2014 жылы Қазақстандық ипотеканың әрбір үшінші теңгесін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі берді

19 желтоқсан 2014

Бүгін «Нұр Отан» партиясы фракциясының бас қосуында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Айбатыр Жұмағұлов осындай мәліметті жариялады. Ол депутаттарға «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын жүзеге асыру барысы жайында баяндап берді. 

ҚТҚЖБ басшысының ақпараты бойынша, берілген заемдар көлемі биыл 50%-ға артқан. 2014 жылдың аяғына дейін бұл көрсеткіш 90 миллиард теңгеге жетеді деп күтіліп отыр. А.Жұмағұловтың сөзіне қарағанда, 2014 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша, барлық екінші деңгейлі банктер мен ипотекалық компаниялар құрылысқа және тұрғын үй алуға 230 миллиард теңгеден аса заем берген. Осы ақшаның үштен бір бөлігі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің үлесіне тиіп отыр (80,6 млрд. теңге).

Бүгінгі күні ҚТҚЖБ халықтан ұзақ мерзімді салымдар тарту бойынша көшбасшы атанып отыр. 29,1% үлеспен Банк депозиттер көлемі бойынша ең жақын бәсекелесінен екі есеге дейін озып тұр. Мәселен, биылғы жылдың 1 желтоқсанында, қызметін бастағаннан бері, Банк  639 461 тұрғын үй құрылыс жинақ шартын жасаған. Соның  160 мың шарты 2014 жылдың 11 айында жасалды. 2013 жылмен салыстырғанда, өсім  64%-ға жетті. 

«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» және «Жас отбасыға арналған тұрған үй» атты екі бағыт бойынша жұмыс істейді. Бірінші бағыт бойынша жыл сайын – аумағы 298 мың шаршы метр, ал екінші бағыт бойынша аумағы 154 мың шаршы метр болатын тұрғын үйді пайдалануға беру көзделген. Бұл норманы Банк сақтап келеді. 

А.Жұмағұловтың айтуынша, мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру барысында, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің қаражаты тиімді пайдаланылуда. Биыл сатып алынған пәтерлер есебінен бюджетке 56, 8 миллиард теңге аударылған. Олардың 40 миллиард теңгесі немесе қаражаттың 71%-ы – салымшылардың ақшасы. 

Бүгінде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі Қазақстан халқының тұрғын үй жағдайларын жақсартудың ең тиімді қаржы құралы болып отыр. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі кредиттің ең төменгі мөлшерлемелерін ұсынады – жылдық 3,5%-дан 5%-ға дейін. Банктің тарифтік бағдарламалары табысы аз адамдарға да тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік береді. 

Биыл Елбасының тапсырмасын орындау аясында, ҚТҚЖБ «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасына қатысушыларға әкімшілік және қаржылық кедергілерді елеулі түрде қысқартты. Мәселен, Банк клиенттерінен 8 комиссиялық алым алынбайтын болды. Бұл қаржылық жүктемені орта есеппен 30%-ға азайтады. Келер жылы Банк үдерістерді автоматтандыру және оңтайландыру арқылы комиссияларды тағы да  20%-ға азайтуды жоспарлап отыр. 

Қазіргі кезде клиенттерге қызмет көрсету уақыты орта есеппен үш есеге дейін қысқарды. Осылайша, барлық қажетті құжаттарды тапсырса, заем беру мерзімі 22 күннің орнына 5 жұмыс күнге дейін ықшамдалатын болды.  

Депозит ашу уақыты 8 минутқа дейін қысқартылды. Ең маңызды өзгерістердің бірі – «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы бойынша, Банктің салымшылары арасынан тұрғын үйді сатып алушылардың пулын құру кезінде, өтініш беруден бастап, тұрғын үйді бөлуге дейінгі барлық үдерістер толық ашық етілді. Оның үстіне, баллды есептеу де түгелдей автоматтандырылып отыр. 

 

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру