Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
«Өз үйім» Банк бағдарламасына қатысу үшін өтініштерді қабылдау басталғаны туралы

«Өз үйім» Банк бағдарламасына қатысу үшін өтініштерді қабылдау басталғаны туралы

25 ноября 2022

Құрметті салымшылар!

"Отбасы Банк" Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ (бұдан әрі-Банк) «Өз үйім» бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) қатысуға өтініш қабылдау арқылы тұрғын үй құрылыс нысандарына дауыс беру жайында хабарлайды.

Нысандар: "Достық" шағын ауданында 9 қабатты 2 кіреберісті белгі №12 тұрғын үй", Қазақстан, Павлодар қаласы, "Достық" шағын ауданы мекенжайы бойынша орналасқан.

Тапсырыс берушінің атауы: "Павлодар" Әлеуметті-кәсіпкерлік корпорация» Акционерлік қоғамы.

Құрылыстың аяқталу мерзімі: 30.04.2023 ж.

Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны   200 000 теңге.

Жайлылық сыныбы: 4

Пәтер саны: 96,
Пәтер түрі 1-бөлмелі: 32 пәтер, ең жоғарғы аумағы - 44,04 ш.м.;
Пәтер түрі 1-бөлмелі: 16 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 57,02 ш.м.;
Пәтер түрі 1-бөлмелі: 16 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 64,16 ш.м.;
Пәтер түрі 3-бөлмелі: 16 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 82,11 ш.м.
Пәтер түрі 3-бөлмелі: 16 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 88,84 ш.м.;

«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға арналған өтініштерді қабылдау мерзімі: 28.11.2022 бастап 21.12.2022 жылға дейін.

Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 22.12.2022 ж.

Жүйе үміткерлердің тізімін есептелген сыйақы мөлшеріне қарай орналастырады. Өтініш беру кезінде клиент бірнеше депозиттерді тандай алады, салымшының жарналары жинақталады.

«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш беру үшін өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында кемінде 500 000 (бес жүз мың) теңге жинағы болуы тиіс.

Өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында таңдалған пәтер құңының 50%-ынан кем емес көлеміндегі тұрғын үй құрылыс жинағы болғанда алдын ала тұрғын үй заемын алуға өтініш беру мүмкін болады.

Бағдарламаға қатысуға өтініш бере отырып, Банк Салымшылары Нысандағы пәтерлерді Банк салымшыларына өткізуге дауыс береді. Өтініш қабылдау аяқталған күні Банктің ішкі құжаттарына сәйкес Үміткерлердің/Резервистердің қажетті саны жеткіліксіз болған жағдайда, онда Нысанға қажетті дауыс беру саны жиналмаған деп есептелініп, Бағдарламаға қатысуға берілген өтініштер автоматты түрде жойылады.

Пулға қатысуға арналған өтінішті Банктің Оtbasybank.kz интернет-ресурсында беруге болады..

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде, ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын Банктің Оtbasybank.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы "Қолжетімді баспана" бөлімінде толығырақ танысуға болады.

Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, Банктің Байланыс-орталығына 300 (ұялы телефоннан тегін) нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру