«Өз үйім» бағдарламасына қатысу үшін өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру

«Өз үйім» бағдарламасына қатысу үшін өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру

4 декабря 2020

  Құрметті салымшылар !

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай - Банк) «Өз үйім» бағдарламасына (әрі қарай-Бағдарлама) қатысу үшін өтініштерді қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.

Нысан: «120 пәтерлік тұрғын үй Атырау жас отау ЖШС» , Атырау қаласы, Нұрсая ықшам ауданы, Т.Жұмағалиев көшесі, 25 үй мекенжайы бойынша орналасқан, нысан коды-1603.
Тапсырыс беруші: «Атырау жас отау» ЖШС
Құрылыстың аяқталу мерзімі: желтоқсан 2016 ж.

Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 180 000 теңге
Жайлылық класы: 3 класс
Пәтер саны: 1, оның ішінде:
Пәтер түрі: 3-бөлмелі – 1 пәтер, жалпы ауданы 82,5 шаршы метр.

«Өз үйім» бағдарламасына қатысу үшін өтініш беру мерзімі: 2020 жылғы 08 желтоқсаннан бастап 2020 жылғы 28 желтоқсанға дейін (қоса алғанда).
Баллдарды есептеу күні (үміткерлерді іріктеу): 29 желтоқсан 2020 жыл
Іріктеу мерзімі (төлемқабілеттілігін бағалау): 2021 жылғы 11 қаңтардан бастап 2021 жылғы 22 қаңтарға дейін (қоса алғанда).
Іріктеу орны: Атырау қаласы, Абай көшесі,15А/1 үй

«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш беру үшін Өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында 500 000 (бес жүз мың) теңгеден кем емес сомада жинағы болуы шарт.

Аралық тұрғын үй заемын алуға өтініш беру Өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында таңдалған пәтер құнының кем дегенде 50% болған жағдайда мүмкін болады.

Банк салымшылары бағдарламаға қатысуға өтініш бере отырып, сонымен бірге, Банк салымшыларына арналған Нысанда пәтер берілуі үшін дауыс береді. Егерде, өтініш беру мерзімінің аяқталу күніне Банктің ішкі құжаттарына сәйкес, Кандидаттар/Резервистердің/Төлемқабілеттілігін растаған кандидатттардың қажетті саны жеткіліксіз болатын жағдай байқалатын болса, онда Нысан қажетті дауыс санын жинамаған болып саналады және бағдарламаға қатысуға берілген өтініштердің автоматты түрде күші жойылады.

Өтініштер Банктің baspana.kz интернет-ресурсы арқылы тек Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

Өтініш беру күні мен уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.

Пәтерлерді бөлу тәртібімен, Іріктеу үшін (төлемқабілеттілігін бағалау) құжаттар тізімімен, сонымен қатар құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz немесе baspana.kz интернет ресурсында егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.

Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру