Құрметті салымшылар !
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай - Банк) «Өз үйім» бағдарламасына (әрі қарай-Бағдарлама) қатысу үшін өтініштерді қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.
«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш беру үшін Өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында 500 000 (бес жүз мың) теңгеден кем емес сомада жинағы болуы шарт.
Аралық тұрғын үй заемын алуға өтініш беру Өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында таңдалған пәтер құнының кем дегенде 50% болған жағдайда мүмкін болады.
Банк салымшылары бағдарламаға қатысуға өтініш бере отырып, сонымен бірге, Банк салымшыларына арналған Нысанда пәтер берілуі үшін дауыс береді. Егерде, өтініш беру мерзімінің аяқталу күніне Банктің ішкі құжаттарына сәйкес, Кандидаттар/Резервистердің/Төлемқабілеттілігін растаған кандидатттардың қажетті саны жеткіліксіз болатын жағдай байқалатын болса, онда Нысан қажетті дауыс санын жинамаған болып саналады және бағдарламаға қатысуға берілген өтініштердің автоматты түрде күші жойылады.
Өтініштер Банктің baspana.kz интернет-ресурсы арқылы тек Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Өтініш беру күні мен уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Пәтерлерді бөлу тәртібімен, Іріктеу үшін (төлемқабілеттілігін бағалау) құжаттар тізімімен, сонымен қатар құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz немесе baspana.kz интернет ресурсында егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!