Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Құрметті салымшылар!

9 Декабря 2019
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай - Банк)  «Несиелік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысу үшін өтініш беру арқылы дауыс беру басталғаны туралы хабарлайды.
Нысан: Атырау облысы, Атырау қаласы, Талғайран ауылы, уч.62,0 га мекен – жайы бойынша орналасқан «Талғайран ауылы маңайында көпқабатты тұрғын үйлер құрылысы, №19,№20 дақтар», нысанның коды – 1460.
Құрылыстың аяқталуының болжамды мерзімі: 31.05.2020 жыл
«Таза»  әрлеудегі тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 180 000,00 теңге
Жайлылық класы: 4
Пәтер саны: 90 (тоқсан), оның ішінде:
Пәтер түрі: 1-бөлмелі – 30 пәтер, жалпы ауданы  37,7-37,8 шаршы метр.
Пәтер түрі: 2-бөлмелі – 30 пәтер, жалпы ауданы  53,1 шаршы метр.
Пәтер түрі: 3-бөлмелі – 30 пәтер, жалпы ауданы 70,6-71,7 шаршы метр.
Қатысуға өтініш беру мерзімі: 2019 жылғы 11 желтоқсаннан бастап 2020 жылғы 08 қаңтарға дейін (қоса алғанда).
Баллдарды есептеу күні (үміткерлерді іріктеу) – 09 қаңтар 2020 жыл.

Өтінішті Банктің baspana.kz интернет-ресурсы беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
«Нұрлы жер» бағдарламасына қатыса отырып, Банк салымшылары Нысанға және оның одан әрі өткізілуіне дауыс береді.
Нысанның 50%-дан кем емес тұрғын үй ЖАО-да кезекте тұрған азаматтар арасында бөлінеді.
Бағдарламаға қатысуға өтініш берген немесе төлемқабілеттілігін растамаған ЖАО-да кезекте тұрған азаматтардың саны жеткіліксіз болған жағдайда, тұрғын үй бағдарламаға өтініш берген басқа да Банк салымшылары арасында бөлінеді.
Алдын ала тұрғын үй заемын алуға өтініш беру Өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында таңдалған пәтер құнының кем дегенде 20% болған жағдайда мүмкін болады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, пәтерлерді бөлу тәртібімен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бөлімінде және/немесе Банктің baspana.kz интернет-ресурсында егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, 300 нөмірі бойынша Банктің Колл-орталығына хабарласуға болады (ұялы телефоннан тегін)




Ваш город Алматы?
Да
Нет

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру

Сізбен 30 минуттан кейін хабарласады*
*жұмыс кестесі: жұмыс күндері -
09:00-ден 19:00-ге дейін,
сенбі: 10:00-ден 14:00-ге дейін,
демалыс және мереке күндері - демалыс