Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші

Құрметті салымшылар!

3 декабря 2019
«Кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында Қостанай қаласы, Әуежай шағын ауданы, 29 үй мекенжайында орналасқан «Қостанай қаласында, әуежай ықшамауданындағы №48 қөп пәтерлі үй», нысан коды 1382 болатын нысанына дауыс берген салымшылар үшін:
2019 жылы 18 наурыздан бастап 15 сәуірге дейінгі кезеңде «Қостанай қаласында, әуежай ықшамауданындағы №48 қөп пәтерлі үй» нысаны бойынша (әрі қарай-Нысан) «Кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысуға (әрі қарай-Бағдарлама) өтініштер қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобасын іске асыру үшін салымшылардың дауыс беруі өткізілді.

Салымшылардың дауыс беруінің нәтижесі бойынша (салымшылардың өтініштерін қабылдау) Нысан келісілді деп танылды және Банк салымшыларына Нысаннан тұрғын үй берілу мүмкіндігі анықталды.

Банкке ЖАО келіп түскен хатқа сай, тұрғын үйдің техникалық сипаттамалары өзгертілді.Заңды мекенжай тағайындалған, Қостанай қаласы, Әуежай шағын ауданы, 29 үй.

Салымшылар осы өзгертулермен келіспеген жағдайда, Банкке хабарласу арқылы Бағдарламаға қатысуға берген өтініштерін жойып тастай алады.

Сонымен қатар, егер осы хабарландыру Банктің интернет-ресурсына орналастырылған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күні ішінде салымшыдан өтінішті жою туралы өтініш келіп түспесе, онда Банк осы өзгертулерге салымшы келісімін берді деп есептейтін болады. Бағдарламаға қатысуды жалғастыруға ниетті салымшыларға Банк тұрғын үй өткізуді бағдарлама тәртібінде және талаптарында жалғастырады.

Осы нысанға дауыс берген және Бағдарламаға қатысуға өтініштерін жойған Банк салымшылары Банк іске асыратын басқа да тұрғын үй құрылыс нысандарының өткізілуіне дауыс беруге қатыса алады.

Өткізілуі жоспарланып отыратын Нысандар бойынша жаңалықтарды Банктің www.hcsbk.kz , baspana.kz интернет-ресурсынан бақылап отыруларыңызды сұраймыз.
Сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, Банктің Байланыс-орталығына 300 нөмірі бойынша (ұялы байланыстан тегін) хабарласуыңызды сұраймыз.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру