Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

Регион

Құрметті салымшылар!

29 Августа 2019
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі-Банк)   «Кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша  «Нұрлы жер»  мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысуға өтініштер қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыру үшін дауыс беру туралы хабарлайды.
Нысан: "Қызылорда қаласы, Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан 60 пәтерлік  №23, 24, 25, 26 көпқабатты тұрғын үйлер", Қазақстан, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Сол жағалау ықшам  ауданы, №23, 24, 25, 26 үй  мекенжайы бойынша орналасқан.

Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: 01.08.2019 жыл.

Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде  140 000 теңге.

Жайлылық сыныбы: 3

Пәтер саны: 240

Пәтер түрі 1:  100 пәтер, ең үлкен аумағы 58,48  ш.м.,

Пәтер түрі 2: 140 пәтер, ең үлкен аумағы 67,52  ш.м.

Қатысуға өтініш қабылдау мерзімі:  28.08.2019 ж. бастап 11.09.2019 ж. дейін

Ұпайлар есептелінетін күн (Үміткерлерді іріктеу): 12.09.2019 ж.

Пулға қатысуға арналған өтінішті Банктің baspana.kz  интернет-ресурсында беруге болады.  Өтініш беру күні мен уақыты берілген ұпайлар  санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.

Өтініш тек Банк салымшыларынан қабылданады.

«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысуға өтініш беру арқылы Банк салымшылары Нысанға және оның әрі қарайғы өткізілуіне дауыс береді.

Нысандағы тұрғын үйлердің 50%-ынан кем емесі  жергілікті атқарушы органда кезекте тұрғандар арасында  бөлінеді.

Қатысуға өтініш берген немесе іріктеуден өткен жергілікті атқарушы органда кезекте тұрғандардың саны жеткіліксіз болған жағдайда, тұрғын үй Банк салымшыларының ішінен басқа өтініш берушілер арасында  бөлінеді.

Өтініш берушінің  жинақ шотында 0 теңге белгіленген сомасы бар болған кезде пулға қатысуға өтініш  беру мүмкін болады.
Өтініш берушінің  тұрғын үй құрылыс жинақ шотында таңдалған пәтер құнының 20%-ынан кем емес  көлеміндегі тұрғын үй құрылыс жинағы болғанда алдын ала тұрғын үй заемын алуға өтініш беру мүмкін болады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін Банктің baspana.kz және/немесе  www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде толығырақ көре аласыздар.
        Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Байланыс орталығына 300 нөмірі арқылы (ұялы телефоннан тегін) хабарласуыңызды өтінеміз.    
Ваш город Алматы?
Да
Нет

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!