Құрметті салымшылар! | Нысан: Шымкент қаласы әкімшілік іскерлік орталықта ғындағы жайлылығы 3 класты блокталған екі 9 қабатты тұрғын үй салу (5 тұрғын үйге екінші рет қолдану) №10,11,12,13,14 тұрғын үйлер (сыртқы инженерлік жүйелерсіз)» №13, №14 тұрғын үйлер
Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Құрметті салымшылар!

15 қазан 2019
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ "Кредиттік тұрғын үй құрылысы" бағыты бойынша "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысуға арналған өтініштерді қабылдау туралы хабарлайды.
Нысан: Шымкент қаласы әкімшілік іскерлік орталықта ғындағы жайлылығы 3 класты блокталған екі 9 қабатты тұрғын үй салу (5 тұрғын үйге екінші рет қолдану) №10,11,12,13,14 тұрғын үйлер (сыртқы инженерлік жүйелерсіз)» №13, №14 тұрғын үйлер

Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: 2019 жылдың 30-шы қараша айы.

Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің бағасы: 180 000 теңге - «таза» әрлеуде.

Жайлылық класы: 3

Пәтер саны: 128
1-бөлмелі: 32 пәтер, максималды ауданы – 43,005 ш.м
2-бөлмелі: 64 пәтер, максималды ауданы – 62,315 ш.м
3-бөлмелі: 32 пәтер, максималды ауданы – 78,635 ш.м

Жобаға қатысу үшін өтініштерді қабылдау мерзімі: 2019 жылдың 17 қазаннан бастап 03 қарашаға дейін (қоса алғанда).
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау) (Нысанды келіскен жағдайда) : 2019 жыл 04 қараша.

Өтініштерді Банктің baspana.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте» беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген ұпайлар санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.

Өтініш тек Банк салымшыларынан қабылданады.

Нысандағы тұрғын үйлердің 50%-ынан кем емесі жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандар арасында бөлінеді.

Қатысуға өтініш берген немесе іріктеуден өткен жергілікті атқарушы органда кезекте тұрғандардың саны жеткіліксіз болған жағдайда, тұрғын үй Банк салымшыларының ішінен басқа өтініш берушілер арасында бөлінеді.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің baspana.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернет ресурсындағы «Қолжетімді баспана» бөлімінен егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.
Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда Банктің Байланыс-орталығына 300 нөмірі бойынша (ұялы байланыстан тегін) хабарласуыңызды сұраймыз.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру